Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында қарақұрт уынан 63 түйе қырылды

Жарияланған күні:

каракурт.jpg
Каракурт. Фото: UGC

Атырау облысының үш ауданында 400-ге жуық түйені қарақұрт шаққан. Бүгінгі таңда 63 түйе қырылды, ал қалған жануарларға ем жасалып жатыр, деп хабарлайды Atyraupress.

Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, зиянкестер санының өсуі Индер, Исатай және Құрманғазы аудандарының құмды учаскелерінде тіркелген.

Бұл аймақтарда жәндіктің уынан 397 түйе ауырып қалған. Ауру жануарларға дене температурасын төмендету, иммунитетті көтеру, диуретиктер беру және қанды сұйылту сияқты симптоматикалық емдеу процедуралары жасалып жатыр.

Қазірдің өзінде 217 бас түйе ем алды, ал 117 бас мал емделіп жатыр. Қарақұрт шаққан түйелердің 63-і өлген.

Аурудың алдын алу, емдеу және өлген жануарлардың өтемі бюджетке кірмейді. Дегенмен, жергілікті мал дәрігерлері емдеуді жалғастырды. Сондай-ақ ауру және өлген малдардан сынамалар алынып, облыстық ветеринариялық зертханаға жіберілді.

"Зерттеу нәтижелері қосымша хабарланады. Өз кезегінде, мал иелеріне улы жәндіктер жиі кездесетін жайылымдық жерлерге түйе, жылқы, сиыр бағудан бас тартып, ауру белгілері байқалған жануарларды дер кезінде хабарлауды ұсынамыз. Ал ауру малды күту ережелерін қатаң сақтау. Себебі, зиянкес шаққаннан кейін шұғыл ветеринарлық шараларды қолдану - малды өлімнен қорғаудың ең негізгі жолы болып табылады", - деп жауап берді департаменттегілер.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында қарақұрт қаптап, 10 адам зардап шеккені туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2128269-atyrau-oblysynda-qaraqurt-uynan-63-tuie-qyryldy/