jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Тарихта тұңғыш рет қазақ әйелі Моңғолия парламентінің депутаты атанды (фото)

Замира Сонгобай
Замира Сонгобай. Фото: facebook.com/Derbestelevision

Тарихта тұңғыш рет қазақ әйелі Замира Сонгобай Моңғолия парламентінің депутаты болып сайланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Дербес телевизге сілтеме жасап хабарлайды.

"2016 жылдан бері биліктегі Моңғол халық партиясы 28 маусымда өткен елдің Мемлекеттік Ұлы Хуралы (парламент) сайлауында тағы да көпшілік дауысқа ие болды", - деп жазады ТАСС.

Парламент сайлауының алдын ала қорытындысы сегіз жыл билік еткен Халық партиясы 500 123 дауыс жинағанын көрсетті.

Осылайша ұлты қазақ Замира Сонгобай 2023 жылдың жазында қабылданған жаңа сайлау заңы бойынша парламентке өткен 32 әйелдің қатарына кіріп отыр. Жаңа сайлау заңнамасында депутаттық корпустың үштен бір бөлігі әйелдер болуы керек деп белгіленген. 2028 жылы өтетін келесі парламенттік сайлаудан кейін олардың үлесі 40 пайызға дейін өсуге тиіс.

Депутат жайлы айтар болсақ, Замира Сонгобай – көпбалалы ана. Сондай-ақ Моңғолия іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі. Мамандығы – экономист, ұзақ жылдар бойы сауда саласында қызмет еткен. Біріккен венгр-монғол сыртқы сауда компаниясына иелік етеді.

2007 жылдан бері Қазақстан азаматымен бірге пайдалы қазбаларды өндіру және барлау жөніндегі компанияның ортақ иесі.

Тарихта тұңғыш рет қазақ әйелі Моңғолия парламентінің депутаты атанды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.