Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана соты экс-дипломат Сәкен Мамаштың апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарды

Опубликовано:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

Астана қалалық соты әйелінің әпкесін ұрып-соққаны үшін қамауға алынған Сәкен Мамашқа қатысты бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жоғарғы сот порталындағы сот кабинетінде жарияланған іс материалдарындағы апелляциялық шағымда қорғаушылар бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюды, Сәкен Мамаштың әрекетінде қылмыс құрамының жоқтығына байланысты істі тоқтатуды сұрағаны көрсетілген.

Ал елордалық сот қаулысында апелляциялық саты сот актісін өзгертуге немесе оның күшін жоюға заңды негіз таппағаны айтылған.

"Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 28 маусымдағы қаулысы өзгеріссіз қалдырылды, шағымдар қанағаттандырылған жоқ, қаулы жарияланған күнінен бастап заңды күшіне енеді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 46-тарауы бойынша қайта қаралуы мүмкін", - делінген қаулыда.

Айта кетейік, Сәкен Мамашаның ісі бойынша Астана қалалық сотына апелляциялық шағым түскен еді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің экс-кеңесшісі Сәкен Мамаш әйелін ұрғаны үшін 15 тәулікке қамалғаны белгілі болған еді.

Сонымен қатар Астана соты БАӘ-дегі Қазақстанның елшісінің бұрынғы кеңесшісіне қатысты қосымша мәлімдеме жасап, бұл іс әйелінің әпкесін ұрып-соққан шағым бойынша қаралып жатқанын, Карина Мамашқа қатыс бөлек іс қозғалғансын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2128722-astana-soty-eks-diplomat-saken-mamashqa-qatysty-sheshim-shygardy/