Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде балаларға бұрыш баллонын шашқан жасөспірімді полиция іздеп жатыр

Опубликовано:

Күдікті жасөспірім
Күдікті жасөспірім. Видео кадры: t.me/kriminal_kazakhstan

Ақтөбеде жасөспірімнің бұрыш баллонынан екі бала зардап шекті. Полиция оқиғаның жай-жапсарын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы "Криминальный Казахстан" арнасында балалардың бетіне бұрыш баллонын шашқан жасөспірім туралы ақпарат жарияланды. Видео кадрларынан өзін түсіріп тұрған адамды көруге болады, сосын ол алдыңғы камераға ауыстырады. Сосын екі балаға жақындайды.

"Ешкімді сынап-мінеуді сұрамаймыз, 1, 4, 8, 8", - деген жасөспірім балалардың бетіне бұрыш баллонын шашып жібереді. Бұл ролик туралы ресейлік БАҚ та жазған.

"Регион 64" агенттігінің мәліметінше, тіпті Саратов полициясы тексеріс жүргізген.

Портал мәліметінше, жасөспірім Қазақстанда 2008 жылы туған, бірақ 2021 жылдан бері шешесімен Саратов облысында тұрады екен. Ал жазғы каникулға ол әкесіне Қазақстанға келген.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне кәмелетке толмаған күдіктінің жеке басы анықталғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүріп жатыр. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2130369-aqtobede-balalarga-burysh-ballonyn-shashqan-zhasospirimdi-politsiia-izdep-zhatyr/