Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түнгі 23:00-ден кезекте тұр": Астана әкімдігі мектеп маңына жиналған ата-аналардың видеосына пікір білдірді

Опубликовано:

Ата-аналар мектеп ауласында жиналып тұр
Астанада мектеп ауласында жиналып тұрған ата-аналар. Видеодан кадр: instagram.com/astana_brothers

Желіде құжат тапсыру үшін мектеп ауласына жиналып тұрған ата-аналардың видеосы тарады. Астана әкімдігі видеоға пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram-дағы astana_brothers парашасында жарияланды. Видеодан ата-анаға лық толған мектеп ауласын көруге болады, соған қарағанда балаларын мектепке беруге келген сыңайлы. Бұл жағдай Астанадағы мектептің бірінде болғаны айтылған.

"Астана қаласының 71 мектебіне құжат қабылдау жүріп жатыр. Мұнда бейберекеттік болып жатыр. Білім басқармасы, бұл жағдайды неге дұрыс ұйымдастырмасқа? Адамдар түнгі 23:00-ден кезекте тұр", - делінген видеодағы жазбада.

Бүгін қала әкімдігі видеоға пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді.

"9 шілдеден бастап "жайлы мектеп" жобасы аясында салынған Төле би көшесінде орналасқан №101 орта мектепке құжаттар қабылдау басталды. Құжаттар тек қағаз түрінде қабылданғандықтан, бұл кезектің пайда болуына әкеліп отыр.

Egov электрондық жүйесінде мектепке тапсыру үшін құжаттарды қабылдау тек 1-сыныптар үшін қарастырылған. Баланы бір ұйымнан екінші ұйымға ауыстыру жөніндегі мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған.

Қазіргі уақытта ата-аналардан құжаттарды қабылдайтын адамдардың саны екі есеге артты, сондай-ақ 11 шілдеден бастап жұмыс істей бастайтын SmartNotion құжаттарды қабылдаудың автоматтандырылған порталын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - делінген әкімдіктің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

Қазіргі уақытта ата-анадан құжат қабылдайтындар саны екі есеге артты, сонымен қатар 11 шілдеде жұмыс істей бастайтын «SmartNotion» құжат қабылдау автоматтандырылған порталын іске қосу жұмыстары жүргізілуде», - делінген әкімдіктің Telegram арнасында жарияланған хабарламасында. .

Бұған қоса елордадағы 8 жаңа жайлы мектепте электронды қабылдау жүргізілетіні айтылған:

  • № 104 ОМ, Орынбор к-сі және № 37 ("SOHO" ТК ауданы);
  • № 103 ОМ, Мәңгілік Ел даңғылы және Е 497 көшесі (мешіт ауданы);
  • № 99 ОМ, Қабанбай батыр және Сығанақ көшелері ("Поколение" ТК);
  • № 101 ОМ, Төле би және Е758 көшелері (Зеленый квартал);
  • № 111 ОМ, Төле би - 24 көшесі (Барыс Арена север);
  • № 106 ОМ, С-189 және 12-207 көшелері (Земляничная көшесі);
  • № 105 ОМ, “Көктал” тұрғын алабы, Ұлытау көшесі - Наурыз көшесі ауданы;
  • № 102 ОМ, А. Байтұрсынұлы көшесіндегі мектеп, № 9 үй ауданы ("Highvill"ТК).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2131245-tungi-23-00-den-kezekte-turgan-astana-akimdigi-mektep-mangynda-zhinalgan-ata-analardyng-videosyna-pikir-bildirdi/