jitsu gif branding logo appbranding logo app

Утильалымға қарсы петиция: қоғамдық тыңдау қашан өтетіні белгілі болды

Қайта өңдеуге жіберілген көліктер
Қайта өңдеуге жіберілген көліктер. Көрнекі фото: pixabay.com

Кәдеге жарату алымына қатысты петицияны қарау жөніндегі қоғамдық тыңдаулар өтетін күні мен орны белгілі болды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

Министрлік мәліметінше, "ҚР Халқы кәдеге жарату және алғашқы тіркеуге қарсы" петициясын қарау жөніндегі жұмыс тобының қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдаулар 2024 жылғы 15 шілдеде сағат 11.00-де Алматы қаласында өтеді.

Қоғамдық тыңдау Алатау ауданы, "Индустриялық аймақ-Алматы" ш/а. Алғабас, 7-үй, 138/5 үй мекенжайы бойынша "Hyundai Trans Kazakhstan" ЖШС зауытында өтеді.

Сондай-ақ министрліктің әлеуметтік желілерінде және бірқатар ақпарат агенттігінде тікелей эфир ұйымдастырылады.

Утильалымға қарсы петиция: қоғамдық тыңдау қашан өтетіні белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.