Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр Мәдиев Павел Дуровқа Қазақстанда не ұнағанын айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Павел Дуров
Павел Дуров. Фото: instagram.com/durov

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев министрлікте өткен брифингте Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың Қазақстанға сапары туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Министр Жаслан Мәдиев Дуровтың Қазақстанға сапары туралы егжей-тегжей айтпаса да, кей сұрақтарға жауап берді.

"Біз оған бірнеше мектепті, Бурабайды, Алматыны көрсеттік. Сондықтан мен қазір егжей-тегжей ештеңе айтқым келмейді. Ол өзі Қазақстанға сапары туралы хабардар етеді. Қазір алдын-ала ештеңе айта алмаймын. Дуров жазба жариялап, мәлімет берген кезде, мен де сол кезде айтамын", - деді ол.

Мәдиевтің сөзінше, Павел Дуров Қазақстандағы адами капиталдың жақсы дамығанын, іскерлік ахуалды, сондай-ақ табиғаттың жайлы екенін айтқан.

"Бұл орта оған қатты ұнады. Менің ойымша, ол бұл туралы да толығырақ айтады", - деді министр.

Еске салайық, маусымның соңында Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанаға келген еді. Оны Қазақстанға Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев шақырған.

Сол күні Дуровтың Astana Hub-та эскалаторға мініп бара жатқан сәті түсірілген видео тарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133267-tsifrlyq-damu-ministri-pavel-durovqa-qazaqstanda-ne-unaganyn-aitty/