jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Сұлулығы тек амбициясымен бәсекелесе алады": Дуров Қазақстанға сапары туралы айтты

Павел Дуров
Павел Дуров. Фото: t.me/durov

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров әлеуметтік желіде Қазақстанға сапары туралы әсерін бөлісіп, суреттерін жариялады. Бұл турлы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Миллиардер Telegram-дағы ресми арнасында жазба жариялады. Жазбада ол Қазақстанға сапары барысында Алматы мен Астанада, табиғаты көркем Бурабай мен Шарын шатқалына барғанын айтты.

"Қазақстанның сұлулығы тек амбициясымен бәсекелесе алады. Бұл ел бизнеске қолайлы саясат пен салықтардың арқасында халықаралық компаниялар мен технологиялық стартаптарды тартады. Сондай-ақ инновациялық мектептер мен университеттерді қолдау арқылы білім мен ғылымдағы позициясын жақсартып жатыр", - деп жазды ол.

Дуровтың сөзінше, Telegram мессенджерін Қазақстанда 12,5 миллионнан астам қолданушы пайдаланады.

Еске салайық, маусымның соңында Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанаға келген еді. Оны Қазақстанға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев шақырған.

Сол күні Дуровтың Astana Hub-та эскалаторға мініп бара жатқан сәті түсірілген видео тарады.

"Сұлулығы тек амбициясымен бәсекелесе алады": Дуров Қазақстанға сапары туралы айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.