Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев ісі бойынша прокурор Айжан Аймағанованың шені жоғарылады (видео)

Жарияланған күні:

Айжан Аймағанова
Айжан Аймағанова. Видеодан кадр: instagram.com/aimaganova_a

Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысып, танымал болған астаналық прокурор Айжан Аймағанова подполковник болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Айжан Аймағанова Instagram желісіндегі парақшасында прокуратурада жұмыс істеу және Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына құжат қабылдау туралы айтқан видеосын жариялады.

Аймағанова видеода форма киіп шыққан, ал мұқият жанкүйерлер прокурордың ауыстырылған погондарына назар аударды. Айжан Аймағанованың жаңа погондары "Әділет кеңесшісі" сыныптық шеніне және "Әділет подполковнигі" шеніне сәйкес келеді.

Пікір қалдырған адамдар оны бірден құттықтауға кірісті.

"Кезекті шеніңіз құтты болсын", "Жаңа атағыңыз құтты болсын", "Сіз барлық жұлдыздарға лайықсыз", "Подполковник ханым, сіз әрқашан әдемісіз, сүйкімді, мәртебелісіз", "Мемлекеттік қызметте жоғарылауыңызбен құттықтаймын!", - деп жазды қолданушылар.

Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің басында прокурор Айжан Аймағанова Instagram желісіндегі парақшасын көпшілікке жария еткен болатын. Ал оған дейін желіде оның бірнеше жалған парақшалары пайда болған.

Аймағанова Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотта сөйлеген сөздерімен қазақстандықтардың таңданысын тудырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134437-bishimbaev-isi-boiynsha-prokuror-aizhan-aimaganovanyng-lauazymy-koterildi-video/