Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері елімізде жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді

Жарияланған күні:

бұршақ
Бұршақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда аладғы күндері қолайсыз ауа райы сақталады. Атап айтқанда, найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжауынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, сондай-ақ жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.

Температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжаған еді. Мамандардың ақпаратынша, шілденің екінші және үшінші онкүндігінде жаңбыр жауып, найзағай онайды, сондай-ақ екпінді жел соғып, шаңды дауыл тұрады деп болжанады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2135457-aldagy-kunderi-elimizde-zhangbyr-burshaq-zhauyp-zhel-kusheiedi/