Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық отбасы Парижде өтетін Олимпиада ойындарын тамашалау үшін автокөлікпен жолға шықты (фото)

Жарияланған күні:

Шыныбеков отбасы
Шыныбеков отбасы. Фото: Еркін Шыныбековтың жеке мұрағатынан

Атыраулық Ерік Шыныбеков жұбайы және үш баласымен Парижде өтетін Олимпиада ойындарына автокөлікпен аттанды. Жол бойы 30 күн ішінде 15 мемлекетті шарлаймыз деп отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл саяхатқа Шыныбековтер отбасы алты ай дайындалған. Жолға керек-жарағын дайындап, маршрутын сызып, шығынын есептеп, 14 шілдеде жолға шығып кетті. Олар "Атырау – Париж – Атырау" автотурын бір айда бағындырамыз деп отыр.

"Отбасымызбен Олимпиада ойындарына барып, еліміздің спортшыларына қолдау білдіргіміз келеді. Қазақстанның басқа өңірлерінен бөлек төртжылдықтың басты ойындарына жолдама алғандардың ішінде атыраулықтар да бар. Сондай-ақ автотур арқылы балаларыма әлемнің керемет жерлерін көрсетіп, отбасымызбен қызықты уақыт өткізгіміз келеді. Қазір Түркия еліндеміз. Атыраудан бұл елге үш күнде жеттік", - дейді Ерік Шыныбеков.

автокөлік
Автокөлік. Фото: отбасының жеке мұрағатынан

Жол бойы отбасы Грузия, Түркия, Грекия, Италия, Швейцария, Германия, Италия, Хорватия, Черногория және тағы басқа елдерді басып өтеді. Соңғы нүкте - Францияның астанасы Париж. Бұл жерде атыраулықтар Олимпиада ойындарына жанкүйер болып, кейін автокөлікпен Атырауға қайтады. Осылайша 15 500 километрге жуық жол жүріп өтпекші.

Отбасылық автотурды Шыныбековтер екінші жыл қатарынан ұйымдастырып отыр. Былтыр олар автокөлікпен Ресей, Грузия, Түркия елдерін аралаған.

Еркін Шыныбековтың қызы
Фото: отбасының жеке мұрағатынан

"Былтырғы авто саяхатымыз 17 күнге созылды. Көліктің жанар-жағар май шығындарына 240 мың теңге көлемінде жұмсалды. Жұмыс кезінде балаларымызға сапалы уақыт бөле алмай жатамыз. Ал осындай ұзақ сапар отбасымызға көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Онымен қоса балалардың балалық шағы осындай әдемі естеліктермен қалса екен деген ниетіміз бар", - дейді ол.

45 жастағы Ерік Шыныбеков 20 жылдан бері мұнай және газ саласының кәсіби менеджері. Сондай-ақ ол Atyrau nomads саяхат клубының, OqyrMAN кітап клубының, Atyrau Athletics спорт клубының және Investrument инвестиция және трейдинг клубының жетекшісі.

Автор: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2135601-atyraulyq-otbasy-parizhde-otetin-olimpiada-oiyndaryn-tamashalau-ushin-avtokolikpen-zholga-shyqty-foto/