Зектілері

PIN-UP.KZ ЕУРО-24 финалы кезінде электрокар ұтысының жеңімпазын анықтады

Жарияланған күні:

Zeekr 001 You электрокарын
Фото: Борис Пожидаев

PIN-UP.KZ букмекерлік кеңсесі футболдан Еуропа Чемпионатына орайластырылған "ЕУРОЭКСПРЕСС-2024" акциясының аяқталғанын хабарлады. Zeekr 001 You электрокарын иеленген жеңімпаз 15 шілде күні ұйымның ресми Телеграм-арнасындағы тікелей эфирде анықталды. Жаңа автокөлік 43 жастағы Алпамыс есімді астаналыққа бұйырды.

"ЕУРОЭКСПРЕСС-2024" турниріне мыңнан аса қолданушы қатысқан. Ал бас жүлде - автокөліктен бөлек, әр апта сайын олар бонус иеленуге мүмкіндік алған. Бонустардың жалпы сомасы 10 миллион теңгені құрады.

Жеңімпаздың сөзінше, бұл – оның алғашқы ауқымды жеңісі. Астаналықтың өз көлігі бар, ал жеңіп алған электрокарды азамат жұбайына сыйламақ.

"Әрине, жеңуге азғантай үмітім болды, бірақ сене қойған жоқпын. Бұрын қаншама байқауға қатысып, көп дегенде Power Bank алғанмын, ал бұл жолы автокөлік... Қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Бұл жеңістен соң өмірде жолым ашылғандай ерекше сезім ұялады", - деді Алпамыс.

Zeekr 001 you электр көлігінің ұтыс ойыны
Фото: Борис Пожидаев

MetaRatings Top Awards 2023 нұсқасы бойынша 2023 жылғы ең сенімді букмекер атанған PIN-UP.KZ букмекерлік кеңсесі байқауға қатысушыларға шын жүректен алғыс айтады.

"Футболдан Еуропа Чемпионаты – әлемдегі ең танымал әрі маңызды спорттық шаралардың бірі. Бұл шараны қазақстандық жанкүйерлер де асыға күтетіні жасырын емес. Осыған байланысты ЕУРО-2024 шарасын одан әрі қызықты еткіміз келді. Барлық қатысушыға алғыс айтамыз, сондай-ақ, Алпамысқа электрокар кілтін беретін сәтті асыға күтеміз", - деді PIN-UP.KZ БК баспасөз қызметінде.

Zeekr 001 you электр көлігінің ұтыс ойыны
Фото: Борис Пожидаев

Авто ұтыс ойынынан басқа, қазақстандық букмекер бірнеше шараға қолдау көрсетті. Аталған іс-шараларда алматылық футбол жанкүйерлері финалдық ойындарды басқалармен бірге үлкен экраннан көруге мүмкіндік алды.

Анықтама:

PIN-UP.KZ букмекерлік кеңсесі – клиенттер үшін бірегей бонустардың, арнайы ұсыныстардың және бейілділік бағдарламаларының алуан түрін ұсынатын, сондай-ақ еліміздегі спорт индустриясын белсенді қолдайтын және дамытатын лицензияланған қазақстандық букмекерлік кеңсе. 2023 жылдың қорытындысы бойынша PIN-UP.KZ БК MetaRatings Top Awards бойынша ең сенімді букмекерлік кеңсе ретінде танылды.

*08.11.2021 жылғы №21031283 Лицензия "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136357-pin-up-kz-euro-24-finaly-kezinde-elektrokar-utysynyng-zhengimpazyn-anyqtady/