jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "22 адамнан тұрады": Шымкентте экстремистік ұйым анықталды

    Қару тексеріп жатқан полицей
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    ҰҚК-нің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірге 22 адамнан тұратын "Хизб-ут-Тахрир" радикал-экстремистік ұйымын анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қалалық прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қадағалау органының ресми сайтында хабарланғандай, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ағымдағы жылдың Рамазан айында ауызашар өткізу сылтауымен радикалды экстремистік ұйымның жергілікті жақтастарының санын көбейту және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін діни жиындар өткізгені  анықталды.

    Тінту барысыда Қазақстан Республикасында тыйым салынған 7 діни кітап, діни мазмұндағы 10-нан астам қолжазба және мәтіндік парақшалар, 6 ұялы телефон мен 4 ноутбук тәркіленді.

    Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 256-бабынының 1-бөлігімен және ҚР ҚК-нің 259-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары басталды.

    "Шымкент қаласының прокуратурасы елдің конституциялық құрылысын бұзу мақсатында радикалды экстремистік ұйымдарға кіруге үгіт-насихат немесе шақыру үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын ескертеді.

    ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жариялануға жатпайды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

    ҚР ҚК 256-бабының 1-бөлігіне сәйкес терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, сол сияқты аталған мазмұндағы материалдарды тарату немесе тарату мақсатында дайындау, сақтау мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске саламыз.

    "22 адамнан тұрады": Шымкентте экстремистік ұйым анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.