Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартты

Жарияланған күні:

Кәрім Мәсімов
Кәрім Мәсімов. Фото: Egemen.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартты. Бұл туралы Президент жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы, мәжіліс депутаты Марат Бәшімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Депутат Конституцияға сәйкес, Қазақстанда кешірім беру құқығы президентке тиесілі екенін еске салды.

"Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартуды ұсынды. Президент бұл ұсыныспен келісті", - деді Марат Бәшімов.

Айта кетейік, маусымның аяғында Президент жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері мемлекет басшысына Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартуды ұсынған еді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов наурызда президенттен кешірім сұрағаны белгілі болған еді.

Айта кетейік, 2022 жылғы 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы қызметінен босатылып, кейін ол мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды.

Ал 2023 жылғы 24 сәуірде Астана сотында Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шыққанын хабарлаған едік. Ол 18 жылға сотталды. Сотта Мәсімов пен оның орынбасары Садықұловқа мемлекетке опасыздық жасау (175-баптың 1-бөлігі), билікті күшпен басып алу (179-баптың 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттігін (Қылмыстық кодестің 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы) асыра пайдалану бойынша кінәлі деп танылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2138607-prezident-karim-masimovke-raqymshylyq-zhasaudan-bas-tartty/