jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шымкентте кәсіп ашқан Италия азаматы бұл мегаполистің немен баурап алғанын айтты (видео)

Пьетро Тальявини
Италиялық кәсіпкер Пьетро Тальявини. Видеодан скриншот: youtube.com/@tvotyrar

Шымкентте 29 мың шетелдік тұрады. Солардың бірі – италиялық кәсіпкер Пьетро Тальявини. Ол Шымкент немен баурап алғанын және қандай артықшылықтары барын айтып берді, деп хабарлайды Otyrar телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Телеарнаның хабарлауынша, шетелдіктер арасында Шымкентке инвестиция салып, қазақсатндық өнімге қызығатын кәсіпкерлер көп.

Солардың бірі – Пьетро Тальявини. Италиялық азамат Қазақстанға алғаш рет 12 жыл бұрын келген. Ол кезде ауыз су шығаратын компанияда жұмыс істеген. Араға жылдар салып, ол өмірін түбегейлі өзгертуге шешім қабылдайды. Осылайша басқа елде тұрып жатқан Пьетро Шымкентте кәсіп ашпақшы болады.

"Менің бірінші мақсатым Қазақстанға италиялық өнімдерді импорттау болды, ел тұрғындары италиялық сапа туралы көбірек білсін деп ойладым. Негізінен бұл азық-түлік және техника еді. Жасыратыны жоқ, көбісі Италия тағамдарын жақсы көреді. Енді технологияға келетін болсақ: қазақстандық және ресейлік мамандар итальялық өнімді пайдаланады, мысалы, фармацевтика, қоғамдық тамақтандыру саласында", - дейді кәсіпкер Пьетро Тальявини.

Пьетроның айтуынша, шетелдік инвесторларды салықтың төмендетілген мөлшерлемесі түріндегі және шетелдік компаниялар үшін жеңілдетілген процедуралар қызықтырады. Сондай-ақ нарықтағы бос сегменттер, сондай-ақ қатаң бәсекелестіктің болмауы да тартады дейді.

"Мен Алматыда, Астанада, Көкшетауда, Өскеменде болдым. Бірақ тек Шымкентте ғана керемет мүмкіндіктердің бар екенін көрдім! Мұнда италиялық бизнесмендер аз, сондықтан сегмент бос деуге болады. Сондықтан еуропалықтар да Шымкенттің мүмкіндіктері зор қала екенін білуі үшін мен осында және Италияда бір мезгілде кәсіп ашуды шештім", - деп қорытындылады италиялық-шымкенттік кәсіпкер.

Шымкентте кәсіп ашқан Италия азаматы бұл мегаполистің немен баурап алғанын айтты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.