Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев академиялық мәртебесінен айырылғаны рас па: Ғылым академиясы өкілдері пікір білдірді

Жарияланған күні:

Ұлттық ғылым академиясы
Ұлттық ғылым академиясының ғимараты. Фото: almatydc.kz

Бұған дейін БАҚ-та Нұрсұлтан Назарбаев академик дәрежесінен айырылды деген ақпарат тарады. Ұлттық ғылым академиясы бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұрын академияда болған адамдардың мәртебесі жойылды" деген ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген академияның ресми мәлімдемесінде.

Ғылым ордасы өкілдерінің сөзінше, академиктер Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиналысында жасырын дауыс беру арқылы сайланады және ұйым жарғысында айқындалған сирек жағдайларды қоспағанда, өмір бойына мәртебе алады.

"Ұлттық ғылым академиясын тарату мәселесін қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҰҒА жалпы жиналысы ғана шеше алады. Еліміздегі кез келген ұйым сияқты Ғылым академиясы да сот шешімімен ғана таратылуы мүмкін. Бұл процеске басқа да жоғары лауазымды тұлғалардың араласуы немесе уәкілетті мемлекеттік орган басшысының шешімі қандай уәжбен айтылса да, заңды және моральдық күшке ие емес", - деді академиктер.

Сонымен қатар мәлімдемеде академиктер Ғылым және жоғары білім министрлігінің екі жылдан астам уақыттан бері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың академияға мемлекеттік мәртебе беру туралы тапсырмасын орындай алмай келе жатқанына да наразы екен жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140009-nazarbaevty-akademiialyq-martebesinen-aiyrylgany-ras-pa-gylym-akademiiasia-okilderi-pikir-bildirdi/