jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Қазселденқорғау" мекемесінің экс-басшысына қатысты ақтау үкімінің күші жойылып, қамауға алынды

Кісен
Қолға кісен салу. Көрнекі фото: vm/Getty Images

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевқа қатысты ақтау үкімінің күші жойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәліметінше, 25 шілдеде Алматы облыстық соты ТЖМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің басшысы Кәрім Көкірекбаевқа қатысты ақтау үкімі жойылып, қылмыстық іс бірінші сатыдағы сотқа қайта қарауға жіберілді.

Сонымен қатар Көкірекбаев сот залында қамауға алынды.

Айта кетейік, Бас прокуратура өкілдері 7 маусымда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен 23 млн теңге пара алды деп айыпталған Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К.Н. Көкірекбаевқа қатысты ақтау үкімін жариялағанын еске салды.

Сондай-ақ былтыр желтоқсанның соңында "Қазселденқорғау" басшысы Кәрім Көкірекбаев пара алды деген күдікпен ұсталған. Сол кезде қазақстандық БАҚ Көкіребаевтың "BAZIS CONSTRUCTION" – "INFR" ЖШС филиалының директоры Андрей Поплавскийден 800 мың долларға жуық пара алу кезінде ұсталғанын хабарлаған.

Мамырдың соңында Антикор ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ басшыларына қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады.

"Қазселденқорғау" мекемесінің экс-басшысына қатысты ақтау үкімінің күші жойылып, қамауға алынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.