jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысында ауыл тұрғынының бастамасымен екі отбасы баспаналы болды

баспана алған ауыл тұрғындары
Жаңа баспана алған ауыл тұрғындары. Фото : Сауран ауданы әкімдігі

Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округінде игі шара өтті. Мұнда белсенді ауыл азаматтарының арқасында баспанаға мұқтаж екі отбасына үй берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Сауран ауданы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шорнақ ауылының белсенді азаматы Алмат Нұрымбетовтің бастамасымен жағдайы төмен екі отбасы баспаналы болды.

Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, бұл қайырымдылық іске ауылдың белсенді жастары, аудандық депутаттар және жеке кәсіпкерлері бірлесе ұйымдасқан. Айтулы шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев, ауданның бас имамы Бауыржан Акауов, ауданның белсенді азаматшасы Бибімария Қарабалаева және ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысқан.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев ауыл ақсақалдары сауапты іске ұйытқы болған барша жанға алғыс білдірді.

Сонымен қатар аудан әкімі мұқтаж жандарға баспана салып, тарту еткен азаматтарға алғыс хат табыстаған. Жаңа баспанаға ие болған ауыл тұрғындары көпшілікке ризашылығын айтты.

Түркістан облысында ауыл тұрғынының бастамасымен екі отбасы баспаналы болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.