Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкімет өкілдері елімізде 8 жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендегенін мәлімдеді

Жарияланған күні:

Әйел чек қарап тұр
Азық-түлік. Көрнекі фото: sergeyryzhov/Getty Images

Қазақстанда 8 жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 2016 жылдан бастап Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) баға индексі төмендеді.

"Қабылдаған шаралардың  нәтижесінде дефляцияның орташа индексі 99,8 пайыз болды", - делінген үкімет мәлімдемесінде.

Нарықтық саудаға 160 мың тоннадан астам көкөніс өнімі жеткізілген.

Салалық қауымдастықпен жұмыртқа бағасын белгілеу туралы келісімге қол қойылды.

Отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін күнбағыс тұқымын әкетуге экспорттық кедендік баж енгізілді

Ведомство өкілдері ӘМАТ-тың "электронды айнасына" айналатын тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі пилоттық режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

Айта кетейік, Ауыл шаруашылық министрлігі Қазақстанда негізгі азық-түлік тауарларының бағасы қалай бақыланатынын мәлім еткен болатын.

Ұлттық банк жүргізген экономикалық зерттеу нәтижесі бойынша қазақстандықтардың жарты табысы азық-түлікке кететіні белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140060-qazaqstanda-8-zhylda-algash-ret-aleumettik-mangyzy-bar-azyq-tulik-bagasy-tomendedi/