Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға президенттің атынан тағы хабарлама жіберілді

Жарияланған күні:

Планшет
Планшет. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 26 шілдеде таңертең еліміздің кейбір тұрғындарының ұялы телефонына президенттен тағы хабарлама түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін, 26 шілдеде шамамен сағат 10.00-ден кейін Алматы тұрғындары ұялы телефондарына президенттен хабарлама келген.

Хабарламада: "Алаңдамаңыздар. Халықты хабарландыру жүйесіне тексеру жүргізілуде", - делінген.

Хабарлама
Хабарлама. Скриншот: NUR.KZ

Айта кетейік, кеше алматылықтарға жер сілкінісі болған жағдайда халықты хабардар ету үшін командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілетіні туралы ескертілген болатын.

Ведомсвто мәліметінше, құлақтандыру жүйесін тексеру барысында техникалық ескерту жүйесінің құралдары (сирена қондырғылары, телерадиоканал арқылы және мобильді жүктемелер) кешені қысқа уақытқа қосылады.

Еске салайық, мамыр айының аяғында Android ОЖ базасындағы телефондарды пайдаланатын Алматы тұрғындары "президенттік құлақтандыру" алды.

Кейін Алматы әкімдігінің өкілдері хабарлама атауы халықаралық стандарттарға байланысты екенін және оны ешкім өзгертуге болмайтынын айтты. Алматыда мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Mass Alert – төтенше жағдайды жедел хабарлау жүйесі сынақтан өткізілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140107-qazaqstandyqtarga-tagy-prezidentting-atynan-habarlama-zhiberildi/