jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

"35 мың кг құс еті": Қытайдан Шымкентке ет заңсыз әкелінген

Тауық еті
Тауық еті. Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қытайдан Қазақстанға 35 мың келіден астам құс еті заңсыз әкелінген. Бұл еттің барлығы толығымен жойылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында хабарланғандай, рейд барысында Шымкент базарында заңсыз әкелінген ет анықталды.

"Тексеру барысында Шымкент қаласының «Жібек жолы» сауда орталығының аумағында ветеринариялық сертификатсыз және басқа да қосымша құжаттарсыз Қытайдан әкелінген құс еті табылды. 35 070 кг ет тәркіленді", - делінген хабарламада.

Ведомстовада айтылғандай, ҚР "Ветеринария туралы" Заңының 15-бабына сәйкес, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нысаны болып саналады.

Бұдан бөлек, Еуразиялық экономикалық одақтың ережелеріне сәйкес импортталатын тауарлар тиісті жерге жеткізілген кезде толық ветеринариялық бақылауға жатады.

"Егер бақылаудағы тауардың шығу тегі оның ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қауіпсіздігін куәландыратын құжаттармен расталмаса, тауар өндіруші есебінен жойылуға немесе жөнелтушіге (экспорттаушыға) қайтарылуға жатады.

Анықталған құс етінің барлық партиясы Шымкент қаласының Ақтас кентінің қалалық қоқыс жинау орталығының аумағындағы Беккари шұңқырында өңделіп, жойылды. Онда дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде ет контейнері мен 9 "Газель" жүк көлігі өңдеу шараларынан өтті", - делінеді хабарламада.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 406-бабының 1-тармағына сәйкес жеке кәсіпкерге АЕК айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, мамырда Қазақстан Ресейден шошқа етін әкелуге тыйым салуды қайта қарағанын жазған болатынбыз: 22 мамырдан бастап Ресейден шошқа етін әкелуге қайтадан рұқсат етілді.

"35 мың кг құс еті": Қытайдан Шымкентке ет заңсыз әкелінген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.