Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында сейсмикалық жағдай болды: оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері аттанды

Жарияланған күні:

Сейсмолог
Сейсмолог. Фото: seismology.kz

Қостанай облысында сейсмикалық жағдай тіркелді. Бұл туралы ҰЯО Геофизикалық зерттеу институты деректер орталығының ресми сайтында хабарланды.

ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 2024 жылы 27 шілдеде Астана уақыты бойынша 9:54 минутта (Гринвич бойынша 04 сағат 54 минут) Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай жер 21 км жерде сейсмикалық жағдай тіркелді.

"Эпицентрдің координаттары: 52.81 градус солтүстік ендік, 63.28 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=3.9. Энергетикалық класс К=9.4", - делінген хабарда.  

Ал ТЖМ Telegram-дағы арнасында оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

"Оқиға орнына облыстық ТЖД қызметкерлері кетті", - делінген хабарда.

Еске салсақ, бұған дейін 19 маусымда Қырғызстан мен Өзбекстан аумағында жер сілкінгенін жазған едік. Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстанда, Ташкенттен 170 шақырым қашықтықта болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140492-qostanai-oblysynda-zher-silkindi/