jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қырғызстан мен Өзбекстан аумағында жер сілкінді

Сейсмограф
Сейсмограф. Көрнекі фото: adventtr/Getty Images

Ташкенттен 170 шақырым жерде жер сілкінді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстанда тіркелген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өзбекстан Республикасының сейсмикалық мониторинг орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстанда, Ташкенттен 170 шақырым қашықтықта.

Магнитудасы 4,2-ге тең болған.

Жамбыл облыстық ТЖД мәліметінше, Төтенше жағдайлар министрлігі "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінде 19 маусымда Астана қаласының уақыты бойынша 17 сағат 09 мин 42 сек жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 511 км жерде орналасқан.

"Жамбыл облысы ТЖД кезекші бөлімінің "101" және "112" телефондарына жер сілкінісі туралы хабарлама түскен жоқ.

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары! Сабырлықты сақтап, тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз", - деді облыстық ТЖД өкілдері.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.