Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пойыздың терезесі жабылмайды": меншік иесі желідегі сынға жауап берді

Жарияланған күні:

Пойыз
Пойыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Алматы – Қостанай бағытындағы №43 пойыздың терезесі жабылмайтыны туралы ақпарат тарады. KAZ.NUR.KZ тілшісі мән-жайды анықтап көрді.

Instagram-дағы парақшалардың бірінде Алматы-Қостанай бағытындағы №43 пойыздың терезесі жабылмайтыны, түнге қарай купенің іші салқындап кететіні айтылған видео тарады. Видео авторының мәлімдеуінше, жолсеріктер терезені жөндейтін адам жоқ екенін айтқан.

"Алматы – Қостанай бағытындағы пойызда кетіп бара жатырмыз. Бүгін 2024 жылғы 27 шілде. Терезе жабылмайды. Жолсеріктермен айқайласып қалдық. Олар терезені жамылғымен жауып қойды, түнде купенің іші суық. Бізді ешқайда ауыстырмады, механиктерді шақырып, жөндемеді. Жолсеріктер жауап бере алмайтынын айтады. Қасымда 70-тен асқан анам бар. Мұндай суықта қалай ұйықтайтынымызды білмейміз. Соғыс уақытындағыдай терезе ашық. Цивилизация қайда?", - дейді желі қолданушысы.

Осы жайтқа қатысты KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазақстан темір жолына" сауал жолдады, олар бұл пойыз ұлттық тасымалдаушыға қарамайтынын айтты.

Пойыз "Түркісіб Астана" компнаиясына тиесілі болып шықты.

"Түркісіб Астана" ЖШС 28 шілдедегі жағдай бойынша Алматы – Қостанай пойызының вагондарындағы барлық терезе жарамды күйде екенін хабарлайды. Сондай-ақ жолсеріктер мен пойыз бастығына бұл жолаушыдан арыз түспегенін хабарлаймыз", - деп жауап берді компания өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141965-poiyzdyng-terezesi-zhabylmaidy-menshik-iesi-zhelidegi-synga-zhauap-berdi/