jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

"Шымкенттегі өзекті мәселенің бірі - қоқыс": үш мың қоқыс жәшігін ауыстыру жоспарлануда

қоқыс
Қоқыс тастайтын орын. Фото: KAZ.NUR.KZ

Шымкент қаласының Тұран ауданында қандай мәселелер бар екендігін және олардың қалай шешіліп жатқанын әкім орынбасары Аманжол Бекбол айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарнаның ресми сайтында айтылғандай, Тұран ауданы ауыз сумен 90,5 пайызға қамтылған. Ауданға қарасты Құрсайықшамауданы мен Айкөл елді мекеніне ауыз су жеткізілсе, бұл мәселе 100 пайызға шешілмек. Қазір Құрсай ықшамауданында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс біршама жылға созылды.

Сондай-ақ Энергетика және инфрақұрылымды дамыту құрылыс жұмысын аяқтауды жоспарлап отыр. Аудан табиғи газбен 85,7 пайызбен қамтылған. Енді Жаңаталаптың Жаңа құрылыс аумағы, Құрсай ықшамауданының Жаңа құрылыс аумағы, Айкөл ықшамауданының Жаңа құрылыс аумағы қалып тұр. Қазір бұл жердің бәріне мемлекеттік-сметалық құжаттама әзірленіп, 2024 жылы мемлекеттік сараптамалық қорытындысын алып, құрылысын бастау жоспарға қойылып отыр.

Қоқыс мәселесін біздегі ең өзекті мәселенің бірі деуге болады. Мемлекет басшысы "Таза Қазақстан" акциясын жариялады. Тұран ауданында 597 көше болса, 96-сын арнайы мекеме тазаласа, қалған 501 көшенің тазалығына жоғарыда айтқан коммуналдық мекеме қарайды. Енді осы көшеден бөлек 300-ден астам аула бар. Осы аулалардың тазалығымен де коммуналдық мемлекеттік мекеме айналысады. Ал электр мәселесіне келер болсақ, аудан жарықпен 95,2 пайызға қамтылған.

"Қаладағы 5 ауданға ортақ бір мәселе, бұл – қоқыс мәселесі. Тозығы жеткен қоқыс жәшігін ауыстырып жатыр ма?" деген сұраққа Тұран ауданы әкімінің орынбасары Аманжол Бекбол жауап берді.

"Қоқыстағы өзекті мәселе – тұрғындар қоқыс тастайтын орынға ескірген жиһаздарын, құрылыс заттарының қалдығын тастауы. Негізі заң бойынша қоқыс контейнеріне сондай заттарды тастауға болмайды. Мұндай заттарды арнайы машина жалдап, қоқыс полигондарына апарып тастауы керек. Қоқыс таситын көлік мұндай заттарды тасуға арналмаған. Қазір осы мәселені қолға алып, барлық жерде рейдтік іс-шара жүргізіп жатырмыз. Нәтижесінде 3 мыңға жуық тұрғынға айыппұл салынды. Әрине, бірден айыппұл салынбайды. Алдымен оларға ескерту беріледі. Екінші рет қайталанған жағдайда айыппұл салынады", - деп жауап берді әкім орынбасары Аманжол Бекбол .

Әкім орынбасары сондай-ақ былтыр 375 қоқыс контейнері жаңартылғанын, ал биыл 260 контейнерін алмастыру жоспарланып отырғанын және де жол бойында тұратын 1170 қоқыс жәшігі жаңартылып жатқанын айтты. Сондай-ақ орталық көшелерге де қойыла бастаған, барлығы 700-ге жуық жәшік қойылған. Бұдан бөлек, 3 мың қоқыс жәшігін жаңарту жоспарда бар көрінеді.

"Шымкенттегі өзекті мәселенің бірі - қоқыс": үш мың қоқыс жәшігін ауыстыру жоспарлануда

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.