jitsu gif branding logo appbranding logo app

Астанада көшпенділер ойындары кезінде мектеп оқушылары қалай білім алады

оқушы
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде мектеп оқушылары әдеттегідей мектепке барып оқиды. Бұл туралы қалалық білім басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Білім алатындар (оқушылар, студенттер) үшін оқу жылы әдеттегідей – 1 қыркүйекте басталады. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына байланысты жазғы каникул ұзартылмайды", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін Астанада осы спорттық іс-шараға байланысты оқу жылының басталуын 1 қыркүйектен кешіктіру мүмкіндігі қарастырылып жатқаны хабарланған болатын.

Туризм және спорт министрлігі бұл мәселені шешудің екі нұсқасын – кейбір оқу орындарын онлайн режимге көшіру немесе елордадағы оқушылар мен студенттердің демалысын ұзарту – ұсынғанын хабарлады.

Кейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде Астанада студенттер штаттық режимде білім алатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада қыркүйектің 8-і мен 13-і аралығында өтеді.

Астанада көшпенділер ойындары кезінде мектеп оқушылары қалай білім алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.