jitsu gif
Оқыс оқиға

    Жамбыл облысының ПД бастығы желідегі видеодан кейін жұмыстан шеттетілді

    Арманбек Баймурзин
    Арманбек Баймурзин. Фото: gov.kz

    Жамбыл облыстық ПД бастығы Арманбек Баймурзин әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты жұмыстан уақытша шеттетілді. Бұл ақпаратқа ҚР ІІМ баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұған дейін әлеуметтік желіде Баймурзиннің қатысуымен видео пайда болған еді. Кадрларда полицей әдепсіз сөздер айтып, қарамағындағыларға айғайлап сөйлейді.

    ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне полиция департаментінің басшысы уақытша қызметінен шеттетілгенін хабарлады.

    "Жамбыл облысы бойынша полиция департаменті бастығының қатысуымен жарияланған видеоның негізінде ІІМ министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Облысқа Кадр саясаты басқармасының басшысы мен Ішкі істер министрлігі Ішкі қауіпсіздік қызметінің өкілдері жіберілді. Қызметтік тергеу кезеңінде облыстық ПД басшысы А.Баймурзин қызметінен шеттетілді", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметінен.

    Назар аударыңыз, бейнеде балағат сөздер бар!

    Жамбыл облысының ПД ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Баймурзин 2022 жылдың 10 ақпанынан бастап Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарады.

    Бұған дейін, 2019 жылдың қазанынан 2022 жылдың 9 ақпанына дейін Ақмола облысы ПД бастығы болған.

    Ішкі істер органдарында 1997 жылдан бері қызмет етіп келеді: осы уақыт ішінде ішкі істер басқармасының жедел штабында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды, сондай-ақ бірқатар басшылық қызметті де атқарды.

    Жамбыл облысының ПД бастығы желідегі видеодан кейін жұмыстан шеттетілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.