jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Антикор өкілдері "Ақжайық" футбол клубының бұрынғы директоры ұсталғанын растады

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Ақжайық ФК" ЖШС бұрынғы директорының ұсталғанын растады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында "Ақжайық ФК" ЖШС бұрынғы директорының ұсталғанын растайды.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Антикор мәліметінше, тергеу жалғасып жатыр.

Құзырлы орган өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейтінін мәлім етті.

Айта кетейік, клубтың ресми сайтының мәліметінше,, Орал футболының даму тарихы әлі жеткілікті зерттелмеген. "Орал әскери газетіндегі" мәлімет бойынша, өлкетанушылар Оралда 1911-12 жылдары футбол ойындары болған деп жазған. Дегенмен 1921 жылы Чапаев атындағы клуб жанынан спорт клубы құрылып, онда гимнастика, ескек есу, жүзу, футбол сияқты спорт түрлері дамығаны белгілі. Ал қыста шаңғы, коньки тебу сабақтары өткізілген.

2006 жылдан бері футбол командасы "Ақжайық" деп аталған. Футболистер үнемі Қазақстан чемпионатында өнер көрсетіп жүрген. "Ақжайық" ФК-ның ең үздік жетістігі 2012 жылғы маусымда оралдық футболшылар сегізінші орынға ие болды.

Антикор өкілдері "Ақжайық" футбол клубының бұрынғы директоры ұсталғанын растады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.