Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында алтын стафилококк қандай өнімнен табылғаны белгілі болды

Жарияланған күні:

Дүкендегі азық-түлік бөлімі
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында тұтынушыларға сатылып жатқан өнімдердің (тауарлардың) сатушылары (дайындаушылары) туралы, тауар жайында, олардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылғы 21 маусымда "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілі, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан Түркістан қаласындағы "Қуаныш" базарында орналасқан дүкендердің бірінен жасырын сатып алушы тәсілімен жергілікті өндірушінің өнімін сатып алды.

Сатып алынған өнім ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ МКҚ филиалының Түркістан қалалық санитарлық-гигиеналық зертханасына, бактериология-паразитология зертханасына зерттеуге ұсынылды.

Өндірушісі – "Soima" ЖК, "Сладости 3 торта" өнімі сатылып алынды.

"Сладости 3 торта" өнімінің микробиологиялық зерттеулері өнімнің құрамында стафилококк тұқымдасы өкілдерінің бірі – St aureus (Алтын стафилококк (Staphylococcus aureus) бар екенін көрсетті. Олар термиялық өңдеу арқылы бактерияларды жойғаннан кейін де өнімде токсиндер сақталып, улануды тудырады. Стафилококктың әртүрлі топтағы антибиотиктер мен антисептиктерге төзімділігі жоғары, қолайсыз ортада жақсы өмір сүреді: кепкен кезде де белсенділігін жоғалтпайды, 12 сағат бойы күннің тікелей сәулесі астында қалса да, 100 °C температураға 10 минут бойы төтеп беріп, этил спирті мен сутегі асқын тотығында да тіршілігін тоқтатпайды.

Сондай-ақ осы отандық өндірушінің өнімдері Кеден одағының техникалық регламенттері – "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" – 021/2011 КО ТР, "Тамақ өнімдері олардың таңбалануы бойынша" – 022/2011 КО ТР, "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" 005/2011 КО ТР сәйкестігін анықтау үшін сынақтан өтті.

"Soima"ЖК өндірушісінің кондитерлік өнімдері
Фото: Биятан Жанна

Зерттеу нәтижесінде төмендегідей сәйкессіздіктер анықталды:

  • "Барлық ақпараттар тек орыс тілінде ғана көрсетілген, сонда ТР 4-бабы, 2-тармағына сәйкес, қаптамадағы азық-түлік өнімдерінің таңбалануы ЕАЭО мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілі мен орыс тілінде болуы тиіс деген қайда қалды", – деп атап өтті сарапшы Жанна Үрметханқызы.
  • Сондай-ақ сатып алынған өнімдердің таңбалауында азық-түліктің өндірілген күні, сақтау шарттары, тағамдық құндылық көрсеткіштері жоқ. Сондай-ақ құрамы, саны (салмағы) және жарамдылық мерзімі жайлы мәліметтер көрсетілмеген.

Аталмыш зерттеулер 2024 жылғы 26 маусымдағы №407, 409 микробиологиялық хаттамамен (зерттеу 21.06-26.06.2024 жыл аралығында жүргізілді) және 2024 жылғы 24 маусымдағы № 2024-529/97, №2024-529/98 азық-түлік өнімдерін зерттеу хаттамасымен (зерттеу 21.06-24.06.2024 жыл аралығында жүргізілді) бекітіледі.

Сонымен қатар сарапшы өнімнің толық, қажет, түсінікті, қолжетімді ақпараттармен қамтамасыз етілмеген өнімді айналымға шығарып, құрамы, қасиеттері бойынша тұтынушыларды жаңылыстырып, сондай-ақ оның сапасын тікелей немесе жанама сипаттайтын өзге де ақпараттарсыз өнімнің қауіпсіздігі мен тұтынушылардың дұрыс таңдау жасауына мүмкіндік бермегені, сәйкестік сертификаты (немесе көшірмесі) немесе сәйкестік декларациясын (немесе көшірмесі) көрсетпегені үшін айыппұл санкцияларын алуы мүмкін.

"Soima"ЖК өндірушісінің кондитерлік өнімдері
Фото: Биятан Жанна

Кеден одағына ЕАЭО мүше мемлекеттер (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан) Еуразиялық экономикалық одағының аумағында техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін азық-түлік тауарларын шығаруды болдырмау үшін барлық шараларды қабылдап, оларды айналымнан алып тастауға міндетті.

Зерттеу материалдарының нәтижелері шара қолдану үшін тиісті органдарға жіберілді.

Тұтынушылар https://tech.eaeunion.org/registers/35-1/ru/registryList/conformityDocs сайтында өнімдердің сәйкестігін тексере алады немесе сатушыдан мөрімен расталған сәйкестік туралы декларациясының түпнұсқасын талап ете алады алады.

Сәйкестік туралы декларациясы болмаған жағдайда кәсіпкерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес айыппұл салынады.

ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 41-бабы 8 және 14-тармақтарына сәйкес, "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" ҚБ бұқаралық ақпарат құралдарында тұтынушылардың проблемалары мен құқықтары туралы ақпаратты зерттеуге және таратуға, сондай-ақ, тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) сапасын зерттеу нәтижелері туралы ақпаратты, тұтынушылардың заңды қызығушылығы мен құқығын жүргізуге септігі тиетін басқа да мәліметтерді таратуға құқылы.

Біздің жарияланымдарымызды қарап, осындай оқиғалар туралы хабардар болыңыз, Қазақстан аумағындағы тексерілген бұзушылықтарды байқап жүріңіз.

Қоғам өкілдері арқылы Қазақстанның әрбір облысынан 20-дан 40-қа дейінгі азық-түлік және азық-түлік емес өнім түрлері зерттеуге жолданды.

"Soima"ЖК өндірушісінің кондитерлік өнімдері
Фото: Биятан Жанна

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан және басқа да ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Аталмыш фактіге қатысты немесе осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ: https://www.instagram.com/ozpp.kz/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143495-turkistan-oblysynda-altyn-stafilokokk-qandai-onimnen-tabylgany-belgili-boldy/