Әйтеновтің бұрынғы әйелін үйден күштеп шығаруға қатысты жанжал: сот үкімі шықты
Жарияланған күні:
Читать на русскомАстанада бұрынғы әйелі Дана Әтешеваны ұрып-соқты деп айыпталған Шымкент қаласы экс-әкімінің ағасы Марат Әйтеновтің ісі бойынша сот үкім шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Марат Әйтеновке қатысты Қылмыстық кодекстің 109-бабы 1-бөлігі 1-тармағы – "Ұрып-соғу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сот шешімімен Айтенов тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, 12 тәулікке қамауға алынды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық Дана Әтешова 12 шілдеде Шымкент қаласының экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы – бұрынғы күйеуі оны үйінен күштеп шығармақ болғанын мәлімдеген еді.
Бұл жағдайға полицейлер түсініктеме берді. Құқық қорғау органдары жеке сот орындаушыларының тұрғын үйден шығару туралы сот шешімін орындау барысында бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туындағанын хабарлады.
Ер адамның үстінен күш қолданғаны үшін іс қозғалды. Оқиға туралы Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да пікір білдірді.
Кейін Марат Әйтеновтің бес тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды. Сондай-ақ оның үстінен бұрынғы әйелінің денсаулығына зиян келтіргені үшін қылмыстық іс қозғалды. Өз кезегінде Әйтенов бұрынғы әйелінің үстінен қарсы арыз жазды.
Ал бүгін, 2 тамызда өткен сот отырысында прокурор Әйтеновті 12 тәулікке қамауға алуды сұраған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143906-aitenovting-buryngy-aielin-uiden-kushtep-shygaruga-qatysty-zhanzhal-sot-ukimi-shyqty/