Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәтті арбау: мемлекеттік және орыс тілдерінде таңбалаудың маңыздылығы

Жарияланған күні:

Кәмпиттер
Кәмпиттер. Фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында өткізілетін тауарлар туралы, олардың сапасы мен қауіпсіздігі жайында, сондай-ақ сатушыларға (дайындаушыларға) қатысты ақпаратты тұтынушылардың алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жобаны іске асыру шеңберінде жасырын сатып алушы әдісін қолдана отырып, "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілі Шығыс Қазақстан облысындағы дүкендердің бірінен салмағы 600 г болатын "Mix fruit permen sedotan" жұмсақ кәмпиттерін сатып алды.

Сатып алынған өнім Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген санитарлық-гигиеналық зертханасының тағам гигиенасы бөліміне, жоғары технологиялық ғылыми-зерттеу зертханасына кешенді зерттеу жүргізу үшін ұсынылды.

"Тағамдық өнімдердің таңбалануы бойынша қауіпсіздігі" Кеден одағының техникалық регламенті 022/2011 және "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті 005/2011 құжаттарына сәйкестігіне зерттеулер жүргізу кезінде келесі сәйкессіздіктер анықталды:

1. Азық-түлік өнімдері партиясының нөмірі көрсетілмеген;

2. Азық-түлік өнімдерін сақтау шарттары көрсетілмеген;

3. Қазақ және орыс тілдерінде мынадай ақпараттар көрсетілмеген: тамақ өнімдерінің атауы мен құрамы, саны, өндірілген күні, тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі, өндірушінің атауы және орналасқан жері, тағамдық құндылығының көрсеткіші мен Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісі жоқ.

4. Қаптама жасалған материалдың сандық коды және (немесе) әріптік белгісі (аббревиатурасы) көрсетілмеген;

5. Тамақ өнімдерімен жанасуы кезіндегі қаптаманың мақсатын көрсететін белгі жоқ.

ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 25-бабы 7-тармағының негізінде бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат берілмеген болып танылады.

Қазіргі заманда тамақ өнімдерін таңбалау тұтынушылардың құқықтарын қорғауда басты рөл атқарады. Бір қарағанда, кәмпиттердің қаптамасында мемлекеттік тілде елеусіз болып көрінетін ақпараттың жоқтығы тұтынушылар үшін де, кәсіпкерлер үшін де күрделі мәселелерге әкелуі мүмкін.

Кәмпиттер
Кәмпиттер. Фото: Биятан Жанна

Жанна Биятан, тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы: "Егер таңбалау шет тілінде болса немесе мемлекеттік және орыс тілдеріне аудармасыз болса, бұл тұтынушыларды жаңылыстырып, олардың денсаулығына кері салдарын тигізуі мүмкін. Бұл тәсіл оларды өнімнің құрамы, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары және басқа да маңызды мәліметтерді алу мүмкіндігінен айырады. Мысалы, қаптамада тұтынушы түсінетін тілде ингредиенттер тізімі болмаса, адам аллергиялық реакцияны немесе денсаулыққа қатысты басқа да мәселелерді тудыруы мүмкін аллергендер, бояғыштар немесе басқа қоспалардың бар екенін білмеуі мүмкін. Бұл әсіресе, балаларын ықтимал қауіпті заттардан қорғағысы келетін ата-аналар үшін өте маңызды".

Сатушылар мен өндірушілердің жауапкершілігі

Кәсіпкерлер үшін өнімді мемлекеттік және орыс тілдерінде таңбалауға қатысты заң талаптарын елемеу ауыр құқықтық зардаптарға әкелуі мүмкін. Қазақстанда мұндай бұзушылықтар үшін айыппұлдар мен басқа да санкциялар қарастырылған. Қаптамадағы дұрыс емес немесе толық емес ақпарат тұтынушыларды жаңылыстыру ретінде қарастырылуы мүмкін, бұл олардың құқықтарын елеулі түрде бұзу болып табылады, мысалы:

1. ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің (ӘҚБК) 415-бабы 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзу, оның ішінде. техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығару 90 АЕК-тен (332 280 теңге) 600 АЕК-ке дейін (2 2 15 200 теңге) айыппұл салуға әкеп соғады.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 415-бабы 2-тармағына сәйкес, осы баптың 1-тармағында көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) 135 АЕК мөлшерінен (498 420 теңге) 1200 АЕК-ке (4 430 400 теңге) айыппұл төлеуге бұйырса, қызметін тоқтата тұру немесе өнімдерді тәркілеу сияқты шектеулер де қойылуы мүмкін.

Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті шараларды қабылдау мақсатында зерттеу материалдары мен олардың нәтижелері құзырлы органдарға жолданды.

Кәмпиттер қаптамасы
Кәмпиттер қаптамасы. Фото: Биятан Жанна

"Дұрыс таңбалау азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуде үлкен рөл атқаратынын есте ұстаған жөн. Жауапты өндірушілер мен сатушылар өз өнімдері туралы ақпараттың толық және түсінікті болуы, ал тұтынушылардың қырағылық танытып, өз құқықтарын қорғауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек", - деп толықтырды сөзінің соңында адам құқықтары жөніндегі сарапшы Жанна Үрметханқызы.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі: 87054222739 немесе Instagram парақшасы – OZPP.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144323-tatti-arbau-memlekettik-zhane-orys-tilderinde-tangbalaudyng-mangyzdylygy/