Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назар аударыңыз, шұжықтар: қауіпсіздік ережелері

Жарияланған күні:

Шұжық
Шұжық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сөрелердегі өнім қауіпсіздігі: тұтынушылар нені білуі керектігін «Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» ҚБ сарапшысы айтып берді.

Тауарды таңбалау – өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, тұтынушыларды жалған және контрафактілік өнімдерден қорғауда маңызды рөл атқарады. Алайда, іс жүзінде, тіпті стандарттарға сәйкес келетінін мәлімдейтін өндірушілердің өзі әркез белгіленген талаптарды ұстана бермейді. Жиі кездесетін мәселелердің қатарына – өнім құрамын дұрыс көрсетпеушілік, тағамдық құндылығына қатысты анық емес мәліметтер және өнім құрамынан күтпеген ингредиенттердің кездесуі жатады.

Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңына сәйкес, тұтынушылардың мәселелері мен құқықтары туралы хабардарлығын жақсарту мақсатында зерттеулер жүргізуге және оның нәтижелерін жұртшылықпен бөлісуге құқылы. Бұл нәтижелер тауардың сапасына қатысты маңызды ақпараттарды беру арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғауға көмектеседі.

Осы орайда биылғы жылдың маусым айында «Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің («МОТҚҚҚ» ҚБ) сарапшысы Жанна Биятан Түркістан қаласына сатылып жатқан өнімдердің белгіленген стандарттарға сәйкестігі мен қуауіпсіздігіне көз жеткізу мақсатында іссапармен келді.

«Тауарларды сатып алу кезінде ақпараттың дұрыстығына көз жеткізу және контрафактілік тауарларды сатып алмау үшін таңбалауды мұқият тексеру маңызды. Тұтынушылар қырағылық танытқаны жөн, өйткені олардың денсаулығы тұтынатын сол тағамына байланысты. Таңбалау талаптарын сақтамау – өнімге қатысты дұрыс ақпаратты алуды қиындатады», – дейді адам құқықтары жөніндегі сарапшы Жанна Биятан.

Түркістандағы базарлардың бірінен көпшіліктің сүйікті мұздатылған өнімі – Ресейдің «Царицыно» ААҚ өндірушісінен «Утренние» шұжықтарын (380 г) жасырын сатып алу әдісімен сатып алды. Сатушы тауарға сәйкестік туралы декларацияны ұсынбаған.

Шұжық өнімі
Шұжық өнімі. Фото: Биятан Жанна

Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестігіне кешенді зерттеу жүргізу үшін өнім ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (ҚР ДСМ СЭБК) Түркістан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК аккредиттелген зертханасына жасалған ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес тапсырылды. 24.06.2024 жылғы №2024-529/102 хаттамасында Кеден одағы техникалық регламентінің міндетті талабы болып табылатын таңбалауда тамақ өнімдерін пайдалануға қатысты ұсыныстардың немесе шектеулердің жоқтығы көрсетілген. Тұтыну туралы кеңес (мысалы, артық тамақтанбау), медициналық жағдайы бар адамдарға (мысалы, аллергия) ескертулер немесе өнімді басқа тағамдармен қосып жеу сияқты кеңестер қауіпсіз тұтыну үшін маңызды. Мұндай ақпараттың болмауы тұтынушылардың заңда бекітілген өнім туралы толық, сенімді және уақтылы ақпарат алу құқықтарын шектейді және тұтынушылардың, әсіресе аллергиясы бар немесе арнайы диетаны ұстанатындардың денсаулығына қауіп төндіретін ықтимал қауіптерді жасыруы мүмкін.

ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін өнімдер халықтың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Аталған өнімдерге жүргізілген зерттеулердің нәтижелері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті шараларды қабылдау үшін құзыретті органдарға жіберілді.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятанның кеңесі:

1. Өнімді бағалау: сыртқы түріне, иісіне және басқа да сипаттамаларына назар аудара отырып, өнім мен қаптаманы мұқият тексеріңіз.

2. Жапсырманы тексеріңіз: оның дұрыстығына көз жеткізу үшін орамдағы барлық ақпаратты мұқият қараңыз.

3. Ингредиент туралы ақпарат әдетте 100 г. өнімге немесе үлеске сәйкес келетінін есте сақтаңыз, сондықтан бір қаптамадағы салмақ пен үлес санына назар аударыңыз.

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз, өнімдерді мұқият таңдаңыз!

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – «Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі дайындады. Жарияланған ақпарат тұтынушылардың хабардарлығын арттыруға және олардың құқықтарын қорғауға көмектесуге бағытталған. Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы «МОТҚҚҚ» ҚБ таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144326-nazar-audaryngyz-shuzhyqtar-qauipsizdik-erezheleri/