Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде танымал спортшының өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

Өскеменде тұрғын үйді подъезді алдында қаза болған спортшы Элиер Юнусметовтің өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлады, деп жазады YK-news.kz.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылған күдікті 13 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлады.

Сонымен қатар тағы бір азамат қылмыс туралы хабарламағаны үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын алды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Өскеменде тұрғын үй кіреберісінде атыс болып, 1990 жылы туған белгілі спортшы Эльер Юнусметов қаза тапқанын жазған едік.

Ол Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылында дүниеге келген. Юнусметов спорттағы алғашқы қадамын 5 жасында бастаған, оның алғашқы жаттықтырушысы өз әкесі болған.

Эльер Юнусметов әскери борышын өтеп, Экономика және қаржы колледжін заңгер-кеңесші мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144787-oskemende-tanymal-sportshynyng-olimine-qatysty-is-boiynsha-sot-ukimi-shyqty/