jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу қызметіне өзгеріс енгізілді

    Жүргізуші куәлігі
    Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ

    Енді eGov.kz порталын пайдаланушылар жүргізуші куәлігін жарамдылық мерзімі аяқталған, жоғалған немесе ұрланған кезде ғана емес, сондай-ақ тегі, аты және әкесінің аты өзгерген кезде де ала алады, деп хабарлайды "Электронды үкімет" сайты.

    Енді жүргізуші куәліктерін  ауыстырған кезде пайдаланушылар бұрын алынған жеке куәлігі мен паспортынан (3 жылдан аспайтын құжаттар) өз фотосын орнату мүмкіндігі пайда болды. Басты шарты фотосуреті пайдаланылатын құжат мерзімі 3 жылдан артық болмауы керек.

    Бұдан басқа азаматтарға ыңғайлы болу үшін дайын құжаттарды алуға болатын ХҚКО бөлімшелерінің тізімі кеңейтілді. Яғни, енді пайдаланушылар жүргізуші куәлігін тек мамандандырылған ХҚКО-да ғана алмайды. Онлайн-сұрау салу кезінде жүргізуші куәлігін қайта шығару 60 минутты, арнайы ХҚКО бөлімшелерінде 120 минутты алады.

    Қызметті  үш рет басып алуға болады:

    - eGov.kz порталында авторизация жасаңыз және "Көлік және коммуникация" бөліміне өтіңіз;

    - қызметтер тізімінен "Жүргізуші куәлігін алу" тармағын таңдаңыз және  барлық қажетті өрістерді толтырыңыз;

    - ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қойыңыз.

    Қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады. Пайдаланушыға хабарлама қызметті алу тәсіліне қарай (онлайн немесе офлайн) 60 немесе 120 минуттың ішінде келеді.

    Қызметтің жаңа функционалы Ішкі істер министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті мен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.

    Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу қызметіне өзгеріс енгізілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.