Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер көшеде ер адамның алдында жаттығу жасаған: ІІМ видеоға түсініктеме берді

Жарияланған күні:

Оқиға сәті. Фото
Полицейлер жаттығу жасап жатыр. Видеодан кадр: instagram.com/zhaloby___astana

Желіде полиция қызметкерлері азаматтық киім киген ер адамның алдында жаттығу жасап жатқаны көрсетілген видео пайда болды. Бұған қатысты Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеода ақ жейде мен қара шалбар киген ер адам және оның алдында тұрып жаттығу жасаған полиция қызметкерлері бейнеленген.

"Кадрдан қызметкерлердің формамен отырып тұрып шынығып жатқанын көруге болады, әдетте мұндай жаттығулар спорттық киімде жасалуы керек. Қызметкерлер мұны мазақ ету деп санайды", - делінген жарияланған видео жазбасында.

Бұған қатысты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді.

Ведомство ақпаратынша, аталған факт бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетінін болады.

Еске салсақ Жамбыл облыстық полиция департаментінің басшысы Арманбек Баймурзин әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты жұмыстан уақытша шеттетілген болатын.

Кадрларда полицей әдепсіз сөздер айтып, қарамағындағыларға айғайлап сөйлейді.

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне полиция департаментінің басшысы уақытша қызметінен шеттетілгенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145333-politseiler-koshede-er-adamnyng-aldynda-zhattygu-zhasagan-iim-videoga-tusinikteme-berdi/