Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада 9 жасар қызды ұрламақ болды деген күдікпен ер адам ұсталды

Жарияланған күні:

қыз бала
Кішкентай қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Желіде қыз баланы ұрламақ болғаны туралы ақпарат пайда болды. Астананың тәртіп сақшылары мән-жайды айтып берді, деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Астанада 9 жасар қызды ұрламақ болды деген күдікпен ер адам ұсталды.
  • Оқиға орнында түсірілген видео Telegram-да жарияланып, онда полиция ұстаған ер адам мен куәгерлер көрінеді.
  • Астана полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып, полицияға жеткізілген, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Оқиға орнында түсірілген видео Telegram-дағы Egov.press арнасында жарияланды. Кадрда полиция ұстаған ер адам және оқиға куәгері болған көршілердің мән-жайды баяндап беріп жатқаны бейнеленген.

"Мас ер адам күтпеген жерден 9 жастағы қызды ұрламақ болған, бірақ қырағы көршілер оны құтқарып қалып, полиция шақырған", - деп жазды автор видеоның астына.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне күдіктінің ұсталып, полицияға жеткізілгенін хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада төрт жасар бала төртінші қабаттан құлап кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145693-qyz-urlamaq-bolgan-astanada-er-adam-ustaldy/