Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қоластындағыларға үйін салғызған": бұрынғы төтенше жағдайлар вице-министрі Күлшімбаевқа сот үкімі шықты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ибрагим Күлшімбаев
Ибрагим Күлшімбаев. Фото: primeminister.kz

Бүгін ведомствода өткен брифингте Антикордың ресми өкілі Данияр Биғайдаров бұрынғы төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевқа қатысты істің мән-жайын айтты. Оның өзінше, бұрынғы шенеунік 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Антикордың ресми өкілі Данияр Биғайдаров Ақмола гарнизоны әскери сотының бұрынғы төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевқа қатысты үкім шығарғанын хабарлады.
  • Күлшімбаев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.
  • Сот Күлшімбаевты генерал-майор әскери атағынан айыру туралы мемлекет басшысының атына ұсыныс енгізу туралы шешім шығарды, алайда үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Антикордың ресми өкілі Данияр Биғайдаров Ақмола гарнизоны әскери соты төтенше жағдайлар жөніндегі бұрынғы бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаевқа қатысты үкім шығарғанын хабарлады.

"Ол өзінің жеке үйін салу үшін әскери қызметшілер мен арнайы техниканы тарту туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылығына заңсыз нұсқаулар беру арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.", - деді спикер.

Сондай-ақ сот Күлшімбаевты генерал-майор әскери атағынан айыру туралы мемлекет басшысының атына ұсыныс енгізу туралы шешім шығарған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, Ибрагим Күлшімбаев Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр қызметінен былтыр тамыз айында кеткен болатын.

Биыл шілде айында Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен Күлшімбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145813-totenshe-zhagdailar-vitse-ministri-kulshimbaevqa-sot-ukimi-shyqty/