jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

"Наурызбай ауданынан барахолкаға дейін": Алматыда жаңа автобус маршруты пайда болды

№76 автобус
№76 автобус. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда Наурызбай ауданы мен барахолка базарының арасында жүретін №76 маршруты іске қосылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, Наурызбай ауданы тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша қалалық мобилділік басқармасы жаңа тұрақты бағыт ұйымдастырды.

"№76 автобус "Алма сити-5 ТК" - Алатау даңғылы-Төле би көшесі-Әшімов көшесі-Райымбек даңғылы-Кудерин көшесі-Солтүстік айналма - "Сәлем" базарына "Әділет Авто" ЖШС қызмет көрсетеді. Маршрутта 2023 жылғы Isuzu маркалы 14 автобус бар. Маршруттағы жоспарлы қозғалыс аралығы 8 минутты құрайды", - деп хабарлады қала әкімдігі.

Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электробус сатып алынады.

Сонымен қатар жеке тасымалдаушылар 400-ге жуық жаңа автобус пен 15 электробус сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл 2024 жылы экологиялық таза көліктің үлесін 70 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте автобустардың орташа жасы 3 жылды құрайды, дейді әкімдіктегілер.

"Наурызбай ауданынан барахолкаға дейін": Алматыда жаңа автобус маршруты пайда болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.