Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кейінгі жарты жылда Қазақстаннан қанша адам кеткені белгілі болды

Жарияланған күні:

ҚР ҰҚК шекара қызметі
Көрнекі фото: ҚР ҰҚК шекара қызметі

2024 жылдың қаңтар айынан маусым айына дейін Қазақстаннан 6967 адам кеткен. Аталған көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда азайған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық статистика бюросынының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • 2024 жылдың қаңтар-маусым аралығында Қазақстаннан 6967 адам кетіп, елге 14256 адам келген, ал көші-қон сальдосы 7289 адамды құрады.
  • Осы кезеңде елдегі халық саны 20159707 адамға жетіп, жалпы өсім 125867 адамды құрады, оның ішінде 184,7 мың бала дүниеге келіп, 66,1 мың адам қайтыс болды.
  • Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, ең жоғары туу деңгейі Маңғыстау мен Түркістан облыстарында, ал өлім-жітім деңгейі Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалды.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының сайтында 2024 жылғы қаңтар-маусым аралығында демографиялық ахуал бойынша статистика жарияланды.

2024 жылдың қаңтар - маусым айлары аралығында елге келгендер саны 14 256 адамға, ал кеткендер саны 6 967 адамға жеткен. Көші-қон сальдосы 7289 адамды құрады.

"2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 4,4 пайызға, кеткендер саны 0,4 пайызға азайды. Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүреді. Достастық елдерінен келгендердің үлесі 78,2 пайызды, бұл елдерге кеткендердің үлесі 77 пайызды құрады", – деді бюрода.

Сондай-ақ ел ішіндегі көші-қон 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе артты. Өңіраралық қозғалыстар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы еліміздің 4 өңірінде: Астана (29305 адам), Алматы (15750 адам), Шымкент (4562 адам) қалаларында және Алматы облысы (1258 адам) байқалды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707 адамды құраған, оның ішінде қала тұрғындары 12 573 637, ауыл тұрғындары 7 586 070 адам болған. Ал 6 айда халықтың жалпы өсімі 125 867 адамды құрады.

2024 жылдың алты айында Қазақстанда 184,7 мың бала дүниеге келді, қайтыс болғандар саны – 66,1 мың адам. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 118,6 мың адамды құрады.

"Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға 24,80 адам), Түркістан (24,78) облыстарында және Шымкент қаласында (23,55) байқалды. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,77), Шығыс Қазақстан (11,36) және Қостанай облыстарында (10,16) байқалды, бұл осы облыстар халқының жас құрылымымен байланысты жағдай", - деді бюро өкілдері.

Сонымен қатар алғашқы жарты жылдың ішінде 57,5 ​​мың неке қиылып, 18,6 мың ажырасу тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2146920-keiingi-zharty-zhylda-qazaqstannan-qansha-adam-ketkeni-belgili-boldy/