Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда алаяқтардан алданып қалған азаматтар 100 млн теңгеден айырылды

Жарияланған күні:

Алаяқ
Алаяқ. Көрнекі сурет: seksan Mongkhonkhamsao/Getty Images

Қазақстанда азаматтарды алдап келген қылмыстық топ әшкереленді. Алаяқтардың арбауына түсіп қалған қазақстандықтар 100 млн теңгеден айырылған, деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Қазақстанда азаматтарды алдап келген қылмыстық топ әшкереленді, олар 100 млн теңгеден астам ақша жымқырған.
  • Жетісу облысы прокуратурасының мәліметінше, күдіктілерден 35 ұялы телефон, 135 сим-карта, 2 пневматикалық тапанша және 3 қымбат көлік тәркіленген.
  • Қазіргі уақытта 70 жәбірленуші анықталған, бірақ зардап шеккендер саны әлі де өсуде.

Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдары бүкіл ел бойынша алдау жолымен алаяқтықпен және ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша 35 ұялы телефон, 135 сим-карта, 2 пневматикалық тапанша және 3 қымбат көлік тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп, зардап шеккендер анықталуда.

Қазірдің өзінде 70 жәбірленуші анықталды. Олардың шығыны 100 миллион теңгеден асады,  зардап шеккендер саны өсуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147203-qazaqstanda-alaiaqtarga-aldanyp-qalgan-azamattar-100-mln-tenggeden-aiyryldy/