jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

FlyArystan басшысы рейске жіберілмеген 12 жастағы қыздың анасымен кездесті (фото)

Ричард Леджер мен Жазира Мусина
Ричард Леджер мен Жазира Мусина. Фото: t.me/ flyarystan_info

Бүгін, 11 тамызда FlyArystan әуекомпаниясының басшысы Ричард Леджер 21 шілдеде "Астана-Орал" рейсіне жіберілмеген 12 жастағы Зере Галиеваның анасы Жазира Мусинамен кездесу үшін арнайы Орал қаласына ұшып келді, деп хабарлайды Көлік министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, тараптар болған жағдайдың себептерін егжей-тегжейлі талқылаған. FlyArystan әуекомпаниясының ресми өкілі қыздың отбасынан кешірім сұраған. Кездесуде Көлік министрлігінің қызметкерлері де болған.

Кездесу туралы FlyArystan әуекомпаниясының Telegram-дағы ресми арнасы да жазды.

"Ричард Леджер Зере Галиеваға, сондай-ақ оның әпкесі Зауре мен анасы Жазира ханымға 2024 жылдың соңына дейін FlyArystan әуекомпаниясымен Қазақстан бойынша тегін ұшуға мүмкіндік беретін сертификаттарды ұсынды", - деді әуекомпания өкілдері.

FlyArystan алдағы уақытта кездесу нәтижесі мен қабылданған шешімдер туралы қосымша ақпарат бермек.

Айта кетейік, осыған дейін желіде қазақстандық келіншек 12 жастағы қызы билетінің брондалғанына қарамастан, FlyArystan ұшағының бортына отырғызылмағанын айтып шағымданған еді. Әуекомпания аталған жайтқа қатысты пікір білдіріп, қыздың анасынан кешірім сұрады. Көп ұзамай FlyArystan компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

FlyArystan басшысы рейске жіберілмеген 12 жастағы қыздың анасымен кездесті (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.