Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапалы шайды қалай таңдаймыз: Ұлытау облысында өнімге қатысты әйкессіздіктер анықталды

Жарияланған күні:

Шай
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда шай дәстүрлі сусын болып саналады. Алайда құрамы таза, сапалы техникалық регламенттерге сәйкес, нарықтағы айналым ережелері белгіленген шайды сатып алып ішкен дұрыс.

Халық арасында шай ішуге қатысты көптеген әдемі сөз тіркестері қалыптасқан: "Шай үстінде талқылайық!", "Кеттік, шай ішейік!", "Шайға шақырамын!", "Тәтті шай", "Келін шай", "Өзіміз болып шай ішейк!", солай ары қарай созылып кете береді...

Бұл соншалықты жүрекке жылы естіліп, қонақжай екенімізді білдіретіндей.

"Ал, Еуразиялық экономикалық одақ бекіткен ережелерге сай келмейтін шай қауіп төндіре ме? Оны ары қарай талқылағанда байқайсыздар", – деп құлағымызды елеңдетіп қойды тұтынушы өкілі Жанна Биятан.

2011 жылға дейін шай әлеуметтік маңызы бар өнімдер тізіміне енсе, қазір бұл тізімнен шығарылды.

Бұл жолы зерттеу нысаны ретінде Ұлытау облысы, Жезқазған қаласындағы дүкендердің бірінен сатылып алынған "Зулал фуд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Манго-Маркуйя" шайы алынды.

"Манго-Маркуя" шайы
Фото: Биятан Жанна

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасында қауіпсіздіктің барлық талаптарын, оның ішінде Кеден одағының "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 және "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 техникалық регламенттерінің сақталуына қатысты зерттеу жүргізіліп, мыналарды анықтады: Мемлекеттік тілде ақпараттар берілмеген, орыс тіліндегі ақпараттар толық емес.

Техникалық регламенттерге сәйкес, нарықтағы айналым ережелері белгіленген:

1. Азық-түлік тауарлары "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне, сондай-ақ оларға қатысты қолданылатын Кеден одағының өзге де техникалық регламенттеріне сәйкес келсе, онда нарыққа айналымға шығарылады.

2. "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің, Кеден одағының оларға қолданылатын өзге де техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келетін және Кеден одағына мүше елдер нарығындағы азық-түліктер айналымының сәйкестікті бағалауынан (растаудан) өткен тамақ өнімдері Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығындағы тауар айналымының бірыңғай белгісімен таңбаланады.

3. Айналымдағы тамақ өнімдері, оның ішінде азық-түлік (тағамдық) шикізаты осы өнімдердің қадағалануын қамтамасыз ететін бақылану құжаттамасымен бірге жүруі тиіс.

4. "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенттің және (немесе) Кеден одағының оларға қолданылатын өзге де техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін тамақ өнімдері, оның ішінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тамақ өнімдері шаруашылық қызметке қатысушының (азық-түлік тауарларының меншік иесінің) өз бетінше не Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының бұйрығымен айналымнан шығарылады.

Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүделелерін қорғау жолында

Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері тұтынушылардың құқықтарын іске асыруға және қорғауға бағытталған қызметті жүзеге асырады.

"Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аккредиттелген ұйымдардың өнімді (тауарды) зерттеу (сынау) нәтижелері туралы объективті және сенімді ақпаратты таратуы арқылы біз тұтынушыларға сатылатын өнімнің (тауардың) қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етеміз", – дейді Жанна Үрметханқызы.

Ұлытау облысының сатушыларына кеңес!

Кәсіпкерлердің сөрелерін түрлі өнімдермен безендіріп, әртүрлендіргісі келетін кәсіпкерлердің тілегін де түсінуге болады.

"Дегенмен, қауіпті және сапасыз болып шығуы мүмкін, тиісті құжаттармен расталмаған күмәнді тауарларды әрі қарай сату үшін сатып алып, бизнесіңіздің әл-ауқатына қауіп төндірмеу керек", – деп кеңес береді құқыққорғаушы Жанна Биятан.

Сату үшін тауарларды алу кезінде импорттаушылардан/дистрибьюторлардан олардың мөрінің түпнұсқасымен расталған сәйкестік туралы декларацияны талап ету қажет.

Декларация өтініш берушінің мөрінің түпнұсқасымен расталуы керек екенін атап өтеміз.

Бұл норма Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылдың 12 қарашасындағы № 130 https://adilet.zan.kz/rus/docs/H21EV00013010 шешімінде көрсетілген, оның бабында:

Импортталатын өнімге қатысты техникалық реттеу шараларының сақталуын растау үшін бірыңғай нысанда ресімделген сәйкестік туралы декларацияны пайдалануға, егер мұндай өнімнің декларанты:

  • осы өнімдердің міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау кезінде өтініш беруші ретінде құжаттарда көрсетілген тұлға болса;
  • сәйкестікті растау кезінде өтінім беруші немесе өндіруші техникалық реттеу шараларына сәйкестігін растау үшін осындай құжаттарды пайдалануға рұқсат берген тұлға болса (жаппай өндірілетін өнім үшін).

"Мұндай құжаттарды пайдалану құқығы көрсетілген тұлғаға сәйкестікті бағалау кезінде өтініш берушінің немесе өндірушінің мөрімен куәландырылған көшірмелерін беру арқылы расталады", – дейді заңгер Жанна Үрметханқызы.

Көріп отырғанымыздай, өнімді сататын әрбір кәсіпкерде өтініш беруші ретінде өнімнің сәйкестігі туралы декларация болуы керек.

Егер ол декларацияның өтініш берушісі болмаса, онда өтініш берушінің немесе өндірушінің мөрімен куәландырылған декларацияның көшірмелері болуы қажет.

Бұл жағдайда декларацияға өтініш беруші кез келген кәсіпкер немесе өндірушінің өзі бола алады.

Декларация формасы
Сурет: adilet.zan.kz

Сонымен қатар, тұтынушылар мен кәсіпкерлер декларацияның бар-жоғын tech.eaeunion.org/registers/35-1/ru/registryList/conformityDocs сілтемесі бойынша "Берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізілімінде" өз бетінше тексере алады.

Сондай-ақ сәйкестікті бағалауға арналған құжаттар тізіліміне арналған қазақстандық сайт бар: eokno.gov.kz/public-register/register-ktrm.xhtml, онда тауарлар мен құжаттардың түпнұсқалығын тексеруге болады, – деп кәсіпкерлерге кеңес береді заңгер Жанна Үрметханқызы.

Осы және тағы да басқалар туралы аталмыш әлеуметтік жоба аяқталғаннан кейін өтетін брифингте айтатын боламыз.

Брифинг туралы ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланады: OZPP.KZ

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі: 87054222739

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147695-sapaly-shaidy-qalai-tangdaimyz-ulytau-oblysynda-onimge-qatysty-aikessizdikter-anyqtaldy/