Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өнім туралы ақпараттың көрсетілмеуі тұтынушылар денсаулығы мен құқығына қалай әсер етеді

Жарияланған күні:

Дүкенде сатып алушы
Көрнекі фото: pexels.com

"Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің басты міндеттерінің бірі – БАҚ арқылы халық тұтынатын тауарларға кешенді зерттеулер нәтижелерін тарату арқылы өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету. Сарапшы Жанна Биятанның пікірінше жарамдылық уақыты өткен өнімдер тағамдық улануға әкелуі мүмкін.

Жетісу облысы тұтынушыларына сатылатын тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында "Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау" қоғамдық бірлестігі ("МОТҚҚҚ" ҚБ) өкілі Талдықорған қаласына келді.

Шұжық
Фото: Биятан Жанна

Толық ақпараттың көрсетілмеуінің қауіптілігі

"МОТҚҚҚ" ҚБ сарапшысы Жанна Биятан ағымдағы жылдың шілдесінде жасырын сатып алушы әдісімен Талдықорған дүкендерінің бірінен қайнатып пісірілген "Сервелат Ширин", салмағы 680 г., отандық өндіріс шұжығын сатып алды. Сатып алынған өнім ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (ҚР ДСМ СЭБК) Жетісу облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына тапсырылып, онда өнімді кешенді зерттеу кезінде елеулі сәйкессіздіктер анықталды (02. 07. 2024 ж. №1416/4952/РО2402619, 11. 07. 2024 ж. №1143/4955/РО 2400623 хаттамалары.). Өнімнің таңбалауында Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 техникалық регламентіне сәйкес, келесідегідей сәйкессіздіктер көрінеді:

Дайындау күнінің болмауы: жарамдылық мерзімі 30 тәулікпен шектелген тауардың дайындау күні көрсетілмеген, бұл өнімнің балғындығы мен әлеуетті қауіпсіздігін бағалау мүмкіндігіне кері әсерін тигізеді. Мұндай жағдай өндірілген сәтінен қанша уақыттың өткенін анықтауға кедергі келтіреді, ал бұл өз кезегінде өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Әсіресе, май немесе судың жоғары құрамы бар өнімдер тез бұзылуы мүмкін және мұндай тауарларды пайдалану бұл тағамнан улануға немесе денсаулыққа қатысты басқа да мәселелерді тудыруы мүмкін!

Сарапшы-құқыққорғаушы Алия Алибекованың пікірі: "Дайындау күні болмаса, өнімнің сөреде қаншалықты ұзақ жатқанын әрі пайдалану үшін қанша уақыт қауіпсіз болатынын анықтау қиын. Бұл әсіресе сақтау мерзімі шектеулі тауарлар үшін маңызды, өйткені олар дұрыс сақталмаған жағдайда немесе қоймада ұзақ жатып қалғанда оның қауіптілігі арта түсетіні анық". Сондай-ақ сарапшы: "Тұтынушылардың сатып алатын өнімі туралы толық ақпарат алуға құқығы бар. Дайындау күнінің болмауы тұтынушының құқығын бұзады, өйткені сатып алушылар тауардың балғындығы мен сапасын бағалай алмайды, бұл оларды қолайсыз жағдайда қалдырып, сапасыз немесе әлеуетті қауіпті өнімді алуға әкелуі мүмкін", – дегенді қосты.

Заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік:

1. ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің (ҚР ӘҚБК) 415-бабы 1-т. сай, техникалық реттеу саласында ҚР заңнамасының бұзылуы, соның ішінде техникалық регламенттермен және нормативті құқықтық актілермен орнатылған талаптарға сай келмейтін өнімнің айналымға шығуы, 90 АЕК-тен (332 280 теңге) 600 АЕК-ке дейінгі айыппұлға (2 2 15 200 теңге) әкеледі.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – қызметін тоқтата тұрумен немесе өнімнің тәркіленуімен немесе бұл жағдайларсыз, жеке тұлғаларға – 135 АЕК-тен (498 420 теңге) 1200 АЕК-ке (4 430 400 теңге) дейінгі мөлшердде айыппұл салуға алып келеді.

А.Алибекованың пікірі: "Денсаулыққа қатысты проблема туындағанда немесе тауарды қайтару қажеттігі жағдайында, дайындау күні өнімнің қашан өндірілгенін және оның қайда таралуы мүмкін екендігін анықтауға көмектеседі. Бұл ақпараттарсыз қажетті тергеп-тексеру жүргізіп, тауарды сатылымнан алып тастауға қатысты әрекеттерді өткізу қиын, тауар топтамасының нөмірі белгісіз болса, әсіресе тауардың топтама нөмірі белгісіз болса, бұл тұтынушылардың қорғау процесін күрделендіріп, проблема шешімін қиындатуы қиын".

Қоғамдық ұйым зерттеу нәтижелері мен материалдарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті шараларды қабылдау үшін құзырлы органдарға жолдады.

Сарапшы Жанна Биятанның пікірі: "Таңбалау бойынша талаптардың бұзылуы тұтынушылардың бақыланбайтын қаржылық шығындарына, олар үшін болжап білмеген тәуекелдерге әкелуі мүмкін. Мысалы, жарамдылық уақыты шектеулі өнімдер үшін бұл мерзімі өткен тұтынуға немесе бұзылуға әкеліп, тағамдық улануларға немесе денсаулыққа қатысты басқа да мәселелерді тудыруы мүмкін.

Тұтынушылардың тауар, сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы толық, нақты әрі уақытылы ақпарат алуға құқығы ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңында бекітілген, бұл жағдайда берілген ақпарат талаптарға сай келмейді, бұл тұтынушының тауар туралы толық ақпарат алу құқығын шектейді.

Мұндай талаптарды сақтау қажеттігі тұтынушылардың қауіпсіздігі туралы және өнімге қатысты қандай да бір мәселелер туындаған жағдайда оларды қорғауды қамтамасыз ету мүмкіндіктерімен шартталған", – деп бұзушылықтарға түсініктеме берді сарапшы-құқықтанушы Жанна Биятан.

Тұтынушыларға жадынама:

  • Өнімдердің қаптамасындағы таңбалауды мұқият оқыңыз.
  • Сатушыдан өнімнің құрамы және өңделу күніне қатысты ақпаратты талап етіңіз.
  • Таңбалаусыз немесе толық емес ақпараты бар өнімдерді ешқашан сатып алмаңыз.

Бұл материалды әлеуметтік жобаны орындаушы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.

"МОТҚҚҚ" ҚБ таратын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сапасын зерттеулер нәтижелері туралы ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға септігін тигізеді.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147742-onim-turaly-aqparattyng-korsetilmeui-tutynushylar-densaulygy-men-quqygyna-qalai-aser-etedi/