jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

"Контейнер ыдыстар жасалады": Түркістан облысында кәсіпорын айына 140 тонна пластик өңдейді

Қоқыс өңдейтін цех
Қоқыс өңдейтін цех. Видеодан скриншот: instagram.com/turkistantvkz

Түркістан облысының Кентау қаласында орналасқан цех 10 жылдан бері пластик бөтелкелер мен қақпағын өңдеп, олардан түрлі зат жасайды. Бұл туралы Бұл туралы KAZ.NUR.KZ turkistantv.kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде жылында 4,5 миллион тонна қоқыс жиналады екен. Бірақ оның 24 пайызы ғана қайта өңделеді. Бүгінде елімізде дәл осындай қызметпен айналысатын 94 кәсіпорын бар. Солардың бірі – Кентау қаласында орналасқан цех.

Мұнда қалдықтар түрі мен түсіне қарай бөлек өңделеді. Қақпағы да өзге қапшықтарға салынады. Шикізат шекара асқан соң одан түрлі синтепон, жіп жасайтын талшық, лента мен контейнер ыдыстар жасалады екен.

"Жерде жатқан қоқысты кәдеге жаратып, бірнеше бұйым жасап шығаруға болады", - дейді цех қызметкерлері.

Кәсіпорынға қалдық Кентау қаласынан ғана емес, Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарынан да келеді. Енді цех алдағы уақытта тек пластикпен ғана шектелмей, полиэтилен өңдеуді де қолға алмақ.

"Контейнер ыдыстар жасалады": Түркістан облысында кәсіпорын айына 140 тонна пластик өңдейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.