Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы төрт баланы пышақтап, азаптаған жантүршігерлік оқиға: іс бойынша тергеу аяқталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қылмыстық іс бойынша құжаттар бумасы
Қылмыстық іс бойынша құжаттар бумасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысында балаларды азаптап, шабуыл жасады деген күдікке ілінген ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл ақпан айында әлеуметтік желілерде Алматы облысында ата-анасы үйде жоқ кезде ер адам балаларды азаптап, байлап, пышақ жарақатын салғаны туралы ақпарат шыққан еді. Полиция балаларға шабуыл жасалғанын растады, көп ұзамай күдікті ұсталған еді.

Бүгін 12 тамызда облыстық прокуратура күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын хабарлады. Сонымен қатар Қылмыстық кодексінің 120-бабы "Зорлау" бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі, 126-бабының 2-бөлігінің 5, 7-тармақтары, 149-бабының 2-бөлігі, 120-бабының 1-бөлігімен И.-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қылмыст-процестік кодекстің 300-бабына сәйкес іс аудан прокуратурасына келіп түскен.

Зерттеу нәтижелері бойынша істі қарау үшін сотқа жіберу мәселесі шешіледі. Қалған мәліметтерді Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мән-жай жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, сұмдық жағдайдан кейін балалардың төртеуі де ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсетіп, басы мен бетінен жарақат алған кенже ұлын облыстық балалар ауруханасына жатқызғаны хабарланды.

"Бір баланың сол жақ бетінде жарақаты болған. Өткір затпен кесілген. Екінші баланың ерні кесілген. Ең кіші бала, 8 жасар бала, оның сол жақ беті түгел жарақат. Басы шайқалған. Басынан жарақат алған деп, облыстық балалар ауруханасына жібердік", - деген еді ШЖҚ "Жамбыл аудандық орталық ауруханасы" МКК дәрігер-хирургі Серік Оралов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147791-almaty-oblysyndagy-tort-balany-pyshaqtap-azaptagan-zhanturshigerlik-oqiga-is-boiynsha-tergeu-aiaqtaldy/