Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада ер адам жасөспірімді үш рет пышақтады деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

пышақ
Пышақ. Көрнекі фото: Рixabay.com

Әлеуметтік желіде Астанада жасөспірімді пышақтап кеткені туралы ақпарат тарады. Елордалық полиция департаменті аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Telegram-дағы "Письма президенту" арнасында Астанада 15 жастағы жасөспірімді үш рет пышақтағаны туралы ақпарат жарияланды. Күдікті осыған дейін істі болған азамат, дейді дереккөз.

Аталған жайтқа қатысты KAZ.NUR.KZ тілшісіне елордалық ПД өкілдері пікір білдірді.

"Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалған, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, осыған дейін Алматы облысында балаларды азаптап, шабуыл жасады деген күдікке ілінген ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын хабарлаған едік.

Биыл ақпан айында әлеуметтік желілерде Алматы облысында ата-анасы үйде жоқ кезде ер адам балаларды азаптап, байлап, пышақ жарақатын салғаны туралы ақпарат шыққан. Полиция балаларға шабуыл жасалғанын растады, көп ұзамай күдікті ұсталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147932-astanada-zhasospirimdi-ush-ret-pyshaqtagan-azamat-qamaldy/