jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Мақтааралдың қауын-қарбызы Еуропа елдеріне экспортталып жатыр

Мақтааралдың қауыны
Мақтааралдың қауыны. Видеодан скриншот: ontustiktv.kz

Мақтааралдық диқандар ерте көктемнен бастап күні бүгінге дейін 2600 тонна бақша өнімдерін жинап үлгерді. Дәмі тіл үйіретін қауын-қарбыз Ресеймен қатар Еуропа елдеріне де экспортталады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ontustiktv.kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Сырты сап-сары болып иісі аңқып уылжып тұрғандары экспортқа шыдамайды. Олар ішкі нарыққа жөнелтіледі", - дейді диқан.

20 жылдан бері диқаншылықпен айналысып келе жатқан Сәрсен Қарақұлов та қауындарын сорттап, экспортқа дайындап жатыр. Бұл – ерте көктемде егілген қауынның Жиенбай деген сорты. Бақша өнімінің бұл түрі шырынды әрі тасымалға шыдамды келеді екен. Қауынның ең бірінші "Аэропорт" деген түрі піседі. Одан кейін "Жиенбай" және "Валет" шығады. Ең тәттісі әрі үлкені ол жергілікті Мырзашөл қауыны, дейді диқан.

Мырзашөлдің қай ауылына бармасаңыз да қазір қызу қарбалас. Диқандар қауындарын сорттап экспортқа дайындап жатыр. Әр жәшікке орта есеппен көлеміне қарай 4-5 қауыннан кетеді. Бағасы да арзан. Өйткені өнім көп. Ұзақ жолға шыдамайтын уылжып пісіп тұрғандары ішкі нарыққа жөнелтіледі.

Мақтааралдық диқандар жыл өткен сайын бақша өнімдерінің көлемін артырып келеді. Себебі сұраныс бар әрі табысы да жақсы. Шаруалар қауынның дәмі мен сортына, ерекшелігіне қарап егетін болған. Ғасырға жуық уақытта жиған тәжірибе мен нарық шаруаларды осыған бейімдеп отыр.

Жалпы оңтүстіктің жүрегі атанған мырзашөл өңірінде жұмыс жыл онекі ай жалғасады. Қыста жердің сорын шаяды. Ерте көктемнен бастап диқандар бақша өнімдерінің көшетін әзірлеп, күн жылына алқапқа отырғызады. Алғаш қырыққабаттан бастап, соңыда ақ алтынын жинап алады. Бір жерден екі, тіпті үш өнім алып жатқан диқандар да бар.

Мақтааралдың қауын-қарбызы Еуропа елдеріне экспортталып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.