Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдағы дүкендердің бірінде зеңді сервелат сатылған

Жарияланған күні:

Етті кесу
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда денсаулықты қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек ҚР "Денсаулықты қорғау және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексімен ғана емес, сонымен қатар ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы", Еуразиялық экономикалық одақтың (бұрынғы Кедендік одақ) техникалық регламенттерімен де қамтылған.

Тұтынушының сатушы мен өндірушінің тауар жайында уақтылы, толық және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету міндеттерін білуі өнімді сауатты таңдауға ықпал етеді.

Орал қаласында сатылатын тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ("МОТҚҚҚ" ҚБ) басты міндеті – халық тұтынатын тауарларға кешенді зерттеулер жүргізу болып табылатын әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал ететін ақпараттық қызмет көрсетіліп, халықтың құқын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жасалады.

Орал қаласындағы сауда нүктелерінің бірінен 2024 жылдың 2 шілдесінде "МОТҚҚҚ" ҚБ өкілі жасырын сатып алушы әдісімен Ресейде өндірілген "Б" санатындағы жартылай ысталған сервилат өнімін сатып алған.

Сатып алынған өнім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК санитарлық-гигиеналық зертханасының тамақтану бөліміне Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 техникалық регламентіне сәйкес кешенді зерттеулер жүргізу үшін тапсырылды.

Сервелат
Фото: Биятан Жанна

2024 жылдың 10 шілдесіндегі № 1240001022927856/278 тамақ өнімдерінің үлгісін зерттеу хаттамасына сәйкес, органолептикалық көрсеткіштерге сүйене отырып, зерттеу нәтижесінде өнімнің бетінде бұзылу белгілері, атап айтқанда, үстінде көптеген зең (көгеру белгілері) дақтары бар екені анықталды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылдың 30 желтоқсанындағы № ҚР ДСМ-334/2020 бұйрығы, 5 тарау, 21-тармақ, 2-тармақшасы негізінде сапасыз (бұзылу, ыдырау, ластану) белгілерінің болуына байланысты бұл өнімге қосымша зерттеулер жүргізілген жоқ.

Зең деген не және ол тұтынушы денсаулығына қандай қауіп төндіруі мүмкін?

Зеңдер патогенді микроорганизмдердің III-IV тобына жатады. Зең тыныс алуда немесе теріге тию кезінде денсаулыққа зиянын тигізеді. Ол аллергиялық аурулар (барлық түрі – бронхит, ринит, дерматит, астма...) мен терең микоздарды да (ішкі органдардың көгерген саңырауқұлақтармен зақымдауы) тудыруы мүмкін.

Көгерген тағамдарды жеу денсаулыққа ауыр зардабын тигізеді. Азық-түлікте пайда болған көгерулер өсу кезінде пайда болатын микроскопиялық саңырауқұлақты токсиндердің ерекше түрі – микотоксиндерді шығарады.

Микотоксиндердің кейбір түрлері жүрек айнуын, құсуды және диареяны тудыруы мүмкін. Басқалары ағзада қалып қояды да, жинақтала келе одан да ауыр ауру түрлерін (бауырдың зақымдануы; тыныс алу проблемалары; онкологиялық) тудыруы мүмкін.

Айта кету керек, зеңдердің барлық түрі дерлік зиянды емес, олардың кейбіреулері тіпті ірімшік сияқты тамақ өндірісінде қолданылады. Дегенмен, зеңнің қандай түрінің зиянды екенін сыртынан қарап анықтау қиын. Сондықтан, сақтық шараларын танытып, бетінде зең сияқты жабын пайда болған тағамдарды жемеу керек.

Зең өнімнің бір жағында ғана көрінгенімен, токсиндер бүкіл өнімге таралуы мүмкін. Сонымен қатар, зеңнің кейбір түрлері адам көзіне көрінбейтін – мицелия деп аталатын желіні жасайды. Яғни, өнімнің көгерген бөлігін кесіп алу арқылы сіз зиянды заттардың тек бір бөлігін ғана алып тастайсыз.

Азық-түліктегі зең зиянсыз болса да, оның тағамнан көрінуі бұл тағамның бұзыла бастағанын көрсетеді. Бұл оның құрамында тағамнан улану немесе ауру тудыруы мүмкін басқа да зиянды бактериялар немесе вирустар болуы мүмкін дегенді білдіреді.

Әрине, көгерген белгілері бар мускат сервилаты сияқты өнім сатылымдағы сөрелерде болмауы керек.

"МОТҚҚҚ" ҚБ Қазақстанның әр республикалық маңызы бар қалалары мен барлық облыс орталықтарына азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлардың 15-тен 40-қа дейінгі түрлерін зерттеуге жіберді.

Зерттеу материалдары және олардың нәтижелері Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті шараларды қабылдау үшін құзыретті органдарға жіберілді.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148123-oraldagy-dukenderding-birinde-zengdi-servelat-satylgan/