Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда қауіпсіздігін растайтын құжатсыз сатылған сусабын анықталды

Жарияланған күні:

Сусабын
Көрнекі фото: pixabay.com

Тұтынушылардың құқыққорғаушысы Жанна Биятан бұған дейін Белорусьтен әкелінген сусабын Кеден одағының "Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне сәйкес келмейтінін айтқан болатын.

Сонымен, бұл жолы бұрын зерттелген Белорустік "Happy Family" секілді көлемдегі Челябинскіден әкелінген ресейлік Valo сусабыны туралы айтатын боламыз. Бұл өнім Қостанай қаласында сатып алынған.

Әрбір отбасының үстелі үстінде сүт бола бермейтін шығар, ал шампунь – әр отбасында міндетті түрде кездеседі. Әр тұтынушының шаш күтіміне қатысты өздері ұнататын белгілі бір түрлері бар.

Бірақ шаш күтіміне қатысты бұл заттар қауіпсіз бе, өндіруші не жасырды екен? Бұл жайында әрі қарай білетін боламыз…

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының зертханалық көрсеткіштері Кеден одағының "Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" 009/2011 техникалық регламентіне өнімнің қауіпсіздігін анықтау кезінде 2024 жылдың 2 шілдесіндегі №2185Т хаттамасымен келесідегідей:

  • Егер өндіруші Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында талаптарды өзі қабылдамаса, онда өндіруші тұтынушыдан (дайындаушы немесе импорттаушының уәкілетті өкілі) талаптарды қабылдауға уәкілеттік берген ұйымның атауы мен орналасқан жері (заңды мекенжайы) туралы көрсетілмеген;
  • парфюмерлік-косметикалық өнімнің топтамасын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін партия нөмірі немесе арнайы коды көрсетілмеген;
  • парфюмерлік-косметикалық өнімді пайдалану әдістері туралы мәліметтер жоқ, мұндай ақпараттың болмауы парфюмерлік-косметикалық өнімді тұтынушының дұрыс пайдаланбауына әкелуі мүмкін;
  • таңбалау орыс тілінде рәсімделген деген секілді сәйкессіздіктер белгілі болды.
Сусабын
Фото: Биятан Жанна

Мұндай сәйкессіздік тұтынушының қауіпсіздігіне әсер ете ме?

Тұтынушылар қорғаушысы Жанна Үрметханқызы "егер қазақ және орыс тілінде өнім туралы тиісті және нақты ақпараттар болмаса, егер тауар парфюмерлік-косметикалық өнім қауіпсіздігінің барлық көрсеткіштеріне жауап бермесе, онда бұл бірнеше нормативтік-құқықтық актілердің бұзушылығы болып табылады", деп санайды.

Бұл ҚР Кодексі және техникалық регламентке сай:

  • техникалық регламенттермен, гигиеналық нормативтермен орнатылған қауіпсіздік талаптарына сай келмейді деп танылған өнімді қолдану немесе пайдалану кезінде адамның денсаулығына қауіпті әсер ету ықтималдығының бар-жоғы туралы куәландыратын өнімнің жағдайы;
  • Өндірушінің (жеткізушінің) өнімнің қауіпсіздігінің қадағалануын бекітетін құжаттарының жоқтығы;
  • нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келмейтін таңбалау; жарамдылық мерзімі белгіленбеген немесе жарамдылық мерзімі аяқталған;
  • Қолдан жасалған өнім (ҚР Кодексінің 1-бабы 1-тармағы 282-тармақшасы) халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп келтіретін өнім болып табылады.

Парфюмерлік-косметикалық өнімі қауіпсіздігі көрсеткіштерінің бірі – өнімді таңбалау болып табылады. Бірақ қазақ тілінде ақпараты жоқ, әсіресе орыс тілін білмейтін Қазақстан тұрғындары үшін неғұрлым қауіпті өнім болмақ.

Қолдан жасалған белгілері бар ма және тұтынушылардың құқықтары бұзылған ба, жоқ па, мұны "Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі материалдар жолдаған тиісті органдар анықтайтын болады.

Заң мен жауапкершілік: бұзушылық үшін қолданылатын шара қандай?

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімді сату салмақты бұзушылық болып табылады. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сай, бұзушылықтары бар тауарларды сатқаны үшін жауапкершілікке төмендегілер кіруі мүмкін:

  • Сауда нүктелері үшін айыппұлдар.
  • Қайта бұзушылықтар жағдайында қызметті тоқтату.
  • Өнімді сатылымнан алу міндеті.

Бұл материалды әлеуметтік жоба орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады.

"МОТҚҚҚ" ҚБ тарататын тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) сапасын зерттеу нәтижелері туралы ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға септігін тигізеді.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148226-qostanaida-qauipsiz-ekenin-rastaityn-quzhatsyz-satylgan-susabyn-anyqtaldy/