jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Елордада "Астана Арена" мен "Сарыарқа" велотрегінің арасындағы жол бірнеше күнге жабылады

Жол жөндеу белгісі
Жол жөндеу белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада 15 тамызға дейін "Астана Арена" стадионы мен "Сарыарқа" велотрегінің арасындағы жол бөлігі толығымен жабылады. Мұнда жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММҚабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылын жалғайтын "Астана Арена" стадионы мен "Сарыарқа"велотрегі арасындағы жергілікті жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілгені туралы хабарлайды.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 13-15 тамыздар аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары ашық болады, автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес көшелерде жүзеге асырылатын болады", - делінген хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан Астана жолдарында кептеліс болмас үшін өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Еске салқса, Алматыда Сәтбаев көшесінің бір бөлігінде орта мерзімді жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 15 тамызға дейін көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіліп жатқанын хабарлаған едік.

Елордада "Астана Арена" мен "Сарыарқа" велотрегінің арасындағы жол бірнеше күнге жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.